ОҚО-да түркітілдес өнер жұлдыздарының концерті өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі жұртының рухани да киелі астанасы - Түркістан төрінде бүгін түркітілдес халықтардың әні әуелеген күн болды. «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесі аясында өткен мерекелік Гала-концертте Түркітілдес елдер мен Қазақстанның 160-тан астам өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, әннен шашу шашты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.