Сирия тағдыршешті кезеңнің алдында тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта Сирия мен Иракта орын алған бірқатар маңызды оқиғалар аймақта сең қозғалып, қалыптасқан жағдайдың түбегейлі өзгере бастағанының нышаны болуы мүмкін. Аймақта террорлық топтарға қарсы біріктірілген күш-жігердің нәтижесінде сағы сынып, қалаларға бекінген содырлар қоршауға алынып, оларға жойқын соққылар берілуде. Террорға қарсы бағытталған шабуылдардың арқасында экстремистік топтардың әрекеттері бытыраңқы сипат алып, өзге аймақтарға ығыстырыла бастады, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.