Қазақстан блокчейн теxнологиялар мен электронды валюталардан не ұтады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Блокчейн технология әлем банкирлерінің ғана емес, қазақстандық сарапшылардың да назарын өзіне аударып отыр. Егер алда-жалда электрондық валюта, блокчейн теxнология, майнинг жүйелері өмірге енетін болса, адамзат үшін банк, дәстүрлі валюта, ақша аударымдарының қазіргі жүйесі толығымен керексіз болады. Дүниежүзінің онсыз да ескірген қаржы саласы түбегейлі өзгеріп шыға келмек.