ҚР ДСӘДМ кейбір функциялары бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі клиникалық хаттамаларды және стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ оларды жалпы медициналық практикаға енгізу бойынша функциялары кезең-кезеңмен бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.