«Барселона» ФК мамандары Алматыда балалар мен жасөспірімдерді футболға баулитын болады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған «Барселона» испандық футбол клубының оқу академиясы осы жылы тұңғыш рет Алматыда өтетін жаттықтыру лагеріне жас футбол әуесқойларын шақырады. Лагерь қатысушылары әлемнің ең үздік балалар-жасөспірімдер академиясының әдісі бойынша футболдың қыр-сырына үйретілетін болады. Бұл жайында бүгін Қазақстан баспасөз клубындағы баспасөз мәслихатында іс-шаралар ұйымдастырушылары хабарлады.