Бес жыл бойы жасырынған қазақстандық Астанаға экстрадицияланды
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық шетелден Астанаға жеткізілді. Ер адам аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК-ге сілтеме жасап.Қазақстандық 2 қазанда экстрадицияланды. Операция Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен өзара іс-қимыл негізінде және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.
ҰҚК мәліметінше, күдікті 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Астанаға жеткізілгеннен кейін ер адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.ҰҚК қылмыстық істің басқа егжей-тегжейлерін ашпады.