Петропавлда қайырымдылық балы өтіп, науқас балаларды емдеуге 2 млн. теңгедей қаржы жиналды (ФОТО)
![Петропавлда қайырымдылық балы өтіп, науқас балаларды емдеуге 2 млн. теңгедей қаржы жиналды (ФОТО)](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160521005200.jpg)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда алғаш рет қайырымдылық балы өтті. Оны ҚХА облыстық филиалы ұйымдастырды. Аталған «Қайырымдылық керуені» атты республикалық акцияға 200-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Олар - кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар және қоғамдастық өкілдері.