«Қазақстан инжиниринг» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» АҚ директорлар Кеңесінің өкілеттік мерзімнің аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың 4 мамыр айында, компанияның жалғыз акционерінің шешімі бойынша директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.
Директорлар кеңесінің жаңа құрамына 3 жыл өкілеттік мерзім бойынша 7 адам кірді. Директор Кеңесінің төрайымы болып Райымбеков Сайлаухан сайланды.