Британдық сәулетші Н.Фостерге Лондонда ҚР Президентінің бейбітшілік және прогресс Мемлекеттік сыйлығы табыс етілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов белгілі британдық сәулетші Норман Фостерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік және прогресс Мемлекеттік сыйлығын табыстады. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.