Ұланбатырда қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы М.Зайсановты еске алды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ-ҰЛАНБАТЫР - 7 мамырда Ұланбатыр қаласында Қазақстан Елшілігі Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.