Награда өз иесін тапты: ақтөбелік Мінәш Сәдуовқа жауынгерлік орден Жеңістің 71 жылдығында тапсырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мінәш Сәдуов соғысқа 1942 жылы 18 жасында шақырылды. Майданға әкесімен бірге аттанды. Олар Свердловск қаласына дейін бір әскери эшелонмен жетіп, одан кейін жолдары мәңгілікке бөлініп кетті. Мінәшты сержанттар мектебінде қалдырса, әкесі майданға аттанып, ұрыс даласында қаза тапты.