Қызылордалық Дәулет Ниязбеков екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тайланд астанасы Бангкокта еркін күрестен өткен Азия чемпионатында Дәулет Ниязбеков елінің туын биіктен желбіреп, әнұранын шыркатты. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.