Бұл теңгелер дүкендерде қабылданбайды: қандай банкноттарды айырбастау керек?
2027 жылдан бастап Қазақстанда кейбір банкноттар айналымнан шығарыла бастайды. Олармен қай мерзімге дейін төлем жасауға болады, мерзім аяқталған соң купюраларды не істеу керек және оларды қай жерде айырбастауға болады – Tengrinews.kz материалында.
Ескі купюралар қай күнге дейін қабылданады?Қатар айналым кезеңінде ескі және жаңа банкноттардың күші бірдей болады – сатушылар екі нұсқаны да қабылдауға міндетті.
Бірақ мерзім аяқталған бойда ескі купюра төлем құралы болуын тоқтатады. 2027 жылы купюралардың үш түрі айналымнан шығады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында.
Олардың ішінде:2017 жылғы 500 теңге – дүкендерде қабылдаудың соңғы мерзімі: 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін.2017 жылғы 500 теңгелік банкнот. Фото nationalbank.kz сайтынан2014 жылғы 1 000 теңге – дүкендерде қабылдаудың соңғы мерзімі: 2027 жылғы 27 наурызға дейін.2014 жылғы 1 000 теңгелік банкнот. Фото nationalbank.kz сайтынан2012 жылғы 10 000 теңге – дүкендерде қабылдаудың соңғы мерзімі: 2027 жылғы 27 маусымға дейін.2014 жылғы 10 000 теңгелік банкнот. Фото nationalbank.kz сайтынан20 000 теңге: ескі купюра қашан ауыстырыла бастайды2013-2015 жылғы 20 000 теңге 2027 жылы жаңа купюра шыққаннан кейін ауыстырыла бастайды. Ескі банкнот айналымнан біртіндеп шығарылады және қатар айналым кезеңінде ол төлем құралы ретінде қабылдана береді.2015 жылғы 20 000 теңгелік банкнот. Фото nationalbank.kz сайтынанАйтпақшы, 2026 жылы айналымнан 2012 жылғы 2 000 теңге шығып кетті. Бұл маусым айында болды. Егер олар күртеңіздің қалтасында немесе үйдегі ақша жинайтын сауытта қалып қойса, олармен супермаркетте төлем жасай алмайсыз.2012 жылғы 2 000 теңгелік банкнот. Фото nationalbank.kz сайтынан
Сол кезеңде 2012 жылғы "ондықты" да шығару көзделген болатын. Бірақ купюраның танымалдылығы жоғары болғандықтан, Ұлттық банк бизнес пен халықтың тілегін ескеріп, оның айналым мерзімін тура бір жылға ұзартты.Ұлттық банк 2027 жылы монеталарға қатысты ешқандай өзгерістер жоспарланбағанын нақтылады.
Банкноттар айналымнан қалай шығарылады?
Жаңа ақша енгізілгенде, ескі және жаңа купюралар біраз уақыт айналымда бірге болады. Бұл кезеңде ескі ақша біртіндеп жинап алынады, бірақ олармен әлі де жаңа ақшамен тең дәрежеде төлем жасауға болады. Оларды банктерде арнайы айырбастаудың қажеті жоқ.Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін ескі купюралар заңды төлем құралы болуын тоқтатады. Дегенмен оларды мына жерлерде айырбастауға болады::
екінші деңгейлі банктерде және "Қазпоштада" – белгіленген мерзім ішінде;Ұлттық банктің филиалдарында – мерзімсіз.
Әр номиналдағы купюраларды айырбастау мерзімдері:
500 теңге (2017 жылғы үлгідегі): 2027 жылғы 25 желтоқсаннан 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін.1 000 теңге (2014 жылғы үлгідегі): 2027 жылғы 28 наурыздан 2030 жылғы 27 наурызға дейін.2 000 теңге (2012 жылғы үлгідегі): 2026 жылғы 25 маусымнан 2029 жылғы 24 маусымға дейін.10 000 теңге (2012 жылғы үлгідегі): 2027 жылғы 28 маусымнан 2030 жылғы 27 маусымға дейін.
Бұл мерзімдер өткеннен кейін ескі банкноттарды тек Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында айырбастауға болады – олар купюраларды мерзімсіз қабылдайды.