Қазақстанда транзиттік пойыздардан жүктер ұрланған
Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысының төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар алдын ала сөз байласу арқылы жүк пойыздарының контейнерлеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, ноутбуктер мен ойын приставкаларын ұрлаған.
"Атап айтқанда, былтыр мамырда Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланған. Кейін ұрланған техниканың бір бөлігі Алматыда сатылған. Аталған ұрлық салдарынан жүк тиесілі компанияларға жалпы сомасы 632,9 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді", - деді көліктегі ПД бастығының орынбасары.
Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік полицейлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді, соның ішінде ұрланған техниканың бір бөлігі тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
"Жетісу облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен төрт сотталушы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жыл 7 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп түйіндеді полиция полковнигі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
КӨЛІКТЕГІ ПД/ДП НА ТРАНСПОРТЕ (@koliktegi_pd) жарияланымы