Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Үй қасбетіндегі кондиционер құлап кетуі мүмкін: қауіпті нысанға кім жауап беруі керек?

Мынадай жағдайды елестетіп көріңізші: тұрғындар немесе МИБ төрағасы көпқабатты үйдің қасбетіндегі кондиционердің сыртқы блогы қауіп төндіретінін байқады: ол дұрыс бекітілмеген немесе анық ақаулары көрініп тұр. Бұл ретте пәтер иесі олқылықтарды түзетуге асығар емес. Айта кеткен жөн, осыған ұқсас жағдай елордалық ТҮК-тердің бірінде болған.
Tengri Home мұндай жағдайда не істеу керек екенін және меншік иесін конструкцияны ретке келтіруге қалай мәжбүрлеуге болатынын анықтады.
"Қасбеттегі кондиционер балалардың үстіне құлауы мүмкін"
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар елордалық ТҮК-тердің бірінде туындаған жағдайды талқылап жатыр. МИБ төрағасы үйдің қасбетінен, оның айтуынша және жарияланған техникалық сараптама нәтижелері бойынша, талаптарды бұза отырып орнатылған кондиционерді байқаған.
Елордалық ТҮК-тердің бірі. instagram-дағы zhaloby.astana аккаунтындағы жазба скриншоты
Жазбаға ТҮК қасбетін техникалық тексеру бойынша сараптамалық қорытынды суреттері тіркелген.

"Аттестатталған аккредиттелген компанияның сараптамалық қорытындысы бойынша, бұл кондиционер блогы адам өміріне тікелей қауіп төндіреді, өйткені ол тікелей фиброцементті плитаға монтаждалған. Мен бұл қорытындыны меншік иесіне жіберіп, хабарлама бердім. Бір айға жуық уақыт бойы оның соңынан жүгіріп, қасбеттегі кондиционер құлап кетуі мүмкін екенін, пандуста балалар ойнап жүретінін түсіндіріп келемін. Егер ол тоғызыншы қабаттың биіктігінен балалардың үстіне құласа, салдары өте ауыр болады. Енді не істеуім керек? Адамды мұны алып тастауға қалай мәжбүрлеуге болады?" - деп сұрайды МИБ төрағасы.

Оның айтуынша, ол учаскелік полиция қызметкеріне және ТЖД-ға жүгінген, бірақ бұл мәселені шешу кімнің жауапкершілігіне жататыны түсініксіз болып қалған.
Мұндай жағдайлар жиі кездесуі мүмкін болғандықтан, Tengri Home сарапшылардан мұндай кезде не істеуге болатынын, заңбұзушылықтарды қалай тіркеу, қайда жүгіну қажет екенін, сондай-ақ кім және не үшін жауапты екенін білді.
Дисклеймер: Tengri Home сипатталған жағдайдың мысал ретінде келтірілгенін атап өтеді. Сарапшылар нақты осы кейске емес, осыған ұқсас оқиғаларға қатысты пікір берді.
Үй қасбетіндегі кондиционер: кім және қалай әрекет етуі керек?
Кондиционерлер - тұрғындардың жеке мүлкі
Кондоминиумдарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы Павел Шульгин МИБ төрағасы әрбір кондиционерді тексеруге міндетті емес екенін айтады. Бұл заңда жазылмаған. Көппәтерлі үйде ондаған сплит-жүйе болуы мүмкін және олардың әрқайсы қауіпті болуы ықтимал. Барлық конструкцияларды қадағалау үшін қанша уақыт қажет?

"Кондоминиум объектісін басқару қағидаларына сәйкес, МИБ төрағасы немесе басқарушы субъект - бұл басқарушы компаниялар, ПИК, МТН - үй кеңесінің мүшелерімен бірге комиссиялық тексеру жүргізіп, ортақ мүліктің түгендеу тізбесі мен тексеру актісін жасайды. Егер кенеттен кондиционердің сыртқы блогы дұрыс орнатылмағаны анықталса, төраға пәтер иесіне бұл туралы хабарлауға құқылы. Төрағаның міндеті - меншік иесінің жеке мүлкі болып табылатын кондиционерлерді емес, ортақ үй мүлкін зерттеу", - деп түсіндіреді Павел Шульгин.

Орнатылған кондиционерді сараптау: ол қандай жағдайда қажет?
Айталық, кондиционер әрең ілініп тұр делік. Адвокат Абзал Қасымжанов мемлекеттік органдарға жүгіну үшін алдын ала сараптамаға тапсырыс беру міндетті емес екенін айтады.

"Егер блоктың қисайғаны, бекіткіштерінің босап кеткені немесе қаптаманың бұзылып жатқаны көрініп тұрса, суреттер мен бейнежазбаларды қоса отырып, қауіп туралы дереу хабарлау керек. Ақылы қорытынды алғанша өтініш беруді кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ сотқа алдын ала тапсырыс берілген сараптамасыз-ақ жүгінуге болады. Егер маңызды мән-жайлар арнайы ғылыми білімді талап етсе, сот сараптама тағайындайды. Үйді зерттеген компанияның жеке тәртіппен алынған қорытындысы дәлелдеме болуы мүмкін, бірақ ол автоматты түрде сот сараптамасы болып саналмайды және оның тағайындалуын жоққа шығармайды", - деп түсіндіреді адвокат.

Ол тексеру актісін жасауды ұсынады: мекенжайды, қабатты, күнін, уақытын, анықталған зақымдарды және қатысқан тұлғаларды көрсету керек.
Кондиционерлер. Фото: depositphotos.com
Егер жабдық ғимараттың конструкциясына емес, қасбетіне бекітілген деген күдік болса, блоктың ықтимал қаупін дәлелдеу үшін сараптамаға тапсырыс берген дұрыс.

"Бейнежазба мен техникалық зерттеу әртүрлі міндеттерді шешеді. Бейнежазба тек сыртқы белгілерді ғана тіркейді. Жерден түсірілген кескін бойынша блоктың тек қаптамаға бекітілгенін немесе бекіткіштің қабырғаға өткенін нақты анықтау қиын. Маман кронштейннің іс жүзінде неге бекітілгенін, негіздің жүктемеге шыдап тұрғанын және қандай жұмыстар қажет екенін анықтайды", - дейді Абзал Қасымжанов.

Бірақ бұл жерде қиындықтар туындауы мүмкін. Мәселе мынада, техникалық тексеру үшін сарапшы үйдің жобалау-сметалық құжаттамасын сұрауы мүмкін. Ескі тұрғын үй қорында мұндай құжаттарды табу мүмкін емес. Ал жаңа құрылыстарда, Павел Шульгиннің айтуынша, құрылыс салушы ЖСҚ-ны басқару органына сирек береді.
Сонымен қатар сараптама жарты миллион теңгеден бастап одан да жоғары тұрады, ал төраға оны өз қалтасынан төлеуге тиіс емес.

"Бірнеше нұсқа бар. Біріншісі: сараптама жүргізу үйді күтіп ұстауға арналған жылдық шығыстар сметасының, яғни тұрғындар төлейтін тарифтің бір бөлігі болуы мүмкін. Бірақ олардың бұған келісе қоюы екіталай. Екінші нұсқа - нысаналы алым. Бірақ мұнда да үлкен үйде айлап жүріп, тұрғындардан ақша жинауға тура келеді", - дейді Павел Шульгин өз тәжірибесін бөлісіп.

Сплит-жүйесін орнату кезінде үйдің ортақ мүлігіне жататын қасбеті де зақымдалуы мүмкін. Мұндай жағдайда шығынды өтеуге кондиционер иесін тартуға болады. 

"Аккредиттелген мамандардың көмегімен залалды бағалау қажет, содан кейін меншік иесіне соталды шағым жіберу керек. Егер ол жауап бермесе, сотқа жүгіну қажет", - деп кеңес береді спикер.

Кондиционердің қауіп төндіріп тұрғаны анықталса, не істеу керек?
Ықтимал заңбұзушылықты тіркедіңіз бе әлде сараптама жүргіздіңіз бе? Бұдан әрі пәтер иесіне фото, видео, актіні және егер болса, аккредиттелген маманның қорытындысын қоса бере отырып, ақауларды жою туралы жазбаша талап қою керек. Бұл ретте адамның осы ақпаратты алғанын растайтын құжатты сақтап қою маңызды, дейді Абзал Қасымжанов.

"Талапта нақты нәтижені көрсету керек: техникалық ұсыныстар бойынша қауіпсіз бекіту немесе демонтаждау, сондай-ақ қауіп деңгейіне сәйкес келетін мерзімді белгілеу қажет", - деп нақтылайды адвокат.

Бұдан әрі eOtinish арқылы әкімдікке тіркелген өтініш жолдап, сұрақтарды бейінді бөлімшелерге бағыттау, сондай-ақ полицияға арыз жазу керек. Бұл хабарламаға қорытынды, фото, видеоны және иесіне хабарланғаны туралы дәлелдемелерді бекіту маңызды. Мынадай өтініш жасау қажет:

тексеру ұйымдастыру және қауіпті бағалау;
жабдық иесін және монтаждау жағдайларын анықтау;
қасбетті күтіп ұстаудың және абаттандырудың нақты ережелерінің сақталуын тексеру;
құзырет шегінде заңда қарастырылған шараларды қабылдау;
өтінішті одан әрі қарауға кім жауапты екенін хабарлау.

Азаматтық кодекстің 189-бабында мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы оның меншік иесіне жүктелетіні бекітілген.
Қауіпті кондиционерге кім қарауы тиіс: полиция, тұрғын үй инспекциясы ма әлде ТЖД ма?
Абзал Қасымжанов мемлекеттік құрылымдардың өкілеттіктері әртүрлі екенін нақтылайды.
Полиция  - мұнда абаттандыру ережелерін бұзу ықтималдығы туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша арыз жазуға болады.

"Ережелерде кондиционерлер туралы нақты ештеңе айтылмаған. Сондықтан қасбеттегі кез келген кондиционер автоматты түрде айыппұлға әкеледі деп айтуға болмайды. Адамға осы бап бойынша айыппұл салу үшін, оның кондиционерді орнату кезінде абаттандырудың нақты қай ережесін бұзғанын анықтау керек. Барлығы нақты жағдайға байланысты: сыртқы блок қай жерде және қалай орнатылған, қасбетке қойылатын талаптар бұзылған ба және абаттандыру ережелерінің нақты бұзылуы бар ма", - деп түсіндіреді Абзал Қасымжанов.

Тұрғын үй инспекциясы - бұл мемлекеттік органның құзыретіне ортақ мүлікті, соның ішінде қасбеттерді күтіп ұстау мәселелері кіреді. Бірақ мұнда маңызды ескерту бар.

"ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-9-бабында оның бақылау субъектілері - МИБ және кондоминиумды басқару субъектілері. Сондықтан тұрғын үй инспекциясы міндетті түрде пәтер иесіне нұсқама береді немесе оған айыппұл салады деп сенуге болмайды", - деп нақтылайды адвокат.

Сәулет және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары. Сарапшының айтуынша, егер олардың құзыретіне кіретін заңбұзушылықтар болса, мысалы, заңсыз қайта жабдықтау белгілері байқалса, олар іске араласуы мүмкін. Дегенмен кондиционер орнатуды автоматты түрде қайта жоспарлауға теңестіруге де болмайды.
ТЖД және 112 қызметі. Мұнда блоктың құлау қаупі төнгенде және шұғыл көмек қажет болғанда жүгінуге болады.

"Егер мәселе адресаттың құзыретіне жатпаса, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 65-бабы бойынша өтініш немесе оның тиісті бөлігі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, өтініш берушіге хабарлана отырып, уәкілетті органға қайта бағытталады. "Бұл бізге емес" деген жауап шексіз "табалдырық тоздыруға" айналмауы тиіс. Әрекетсіздік бойынша жоғары тұрған органға, ал одан кейін - белгіленген тәртіппен әкімшілік сотқа шағымдануға болады", - деп толықтырды спикер.

Кондиционерді дұрыс орнатпағаны үшін айыппұл қандай болуы мүмкін?
Бұл жерде пәтер иесінің нақты нені бұзғанын түсіну маңызды, дейді Абзал Қасымжанов.
1. Егер жергілікті абаттандыру ережелерінің бұзылғаны анықталса, ӘҚБтК-нің 505-бабы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда пәтер иесі ескерту алуы немесе 20 АЕК (2026 жылы 1 АЕК = 4 325 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Егер заңбұзушылық қайталанса, онда жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде - 30 АЕК.
2. Егер бейінді мемлекеттік орган, мысалы, қауіпті блокты бөлшектеу немесе оны қайта орнату туралы ұйғарым шығарса, ал тұрғын үй иесі оны елеусіз қалдырса, онда ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік туындауы мүмкін. Бұл жеке тұлға үшін бес АЕК мөлшеріндегі айыппұл. Бірақ, адвокаттың айтуынша, ол төленген күннің өзінде де, бұл меншік иесі кондиционерді сол күйі қалдыра алады дегенді білдірмейді. Ол бәрібір ұйғарымды орындауы тиіс.
Кондиционерді бұрынғы иесі орнатты. Жаңа меншік иесі жауапкершілік арқалай ма?
Кейде тұрғынға пәтер кондиционері орнатылған күйінде тиюі мүмкін.

"Бұл қазіргі меншік иесін оны күтіп ұстаудан босатпайды. Жабдығы бар пәтерді сатып алу меншікке қатысты міндеттемелерді де қабылдауды білдіреді. Сонымен қатар, бұрынғы заңсыз монтаждау үшін жауапкершілік пен қазіргі қауіпті жағдайды жою міндетін ажырата білу керек. Бұрынғы иесінің әкімшілік жауапкершілігі сатып алушыға автоматты түрде ауыспайды. Бірақ қазіргі меншік иесі өз жабдығын қауіпті күйде қалдырмауы тиіс", - деп есептейді Абзал Қасымжанов.

Меншік иесі тауарды сату және оны орнатумен айналысқан компанияға орнату сапасы бойынша талаптар қоя алады, бірақ бұл - бөлек мәселе. Дегенмен ол кондиционерді жедел түрде бөлшектеуге немесе оны қайта орнатуға кедергі келтірмеуі тиіс.
Сотқа қашан жүгіну керек?
Пәтер иесі қауіпті ақауларды жоюдан бас тартса немесе оны кешіктірсе, мемлекеттік органдарға өтініш білдірумен қатар сотқа талап арыз беруге болады.

"ҚР Азаматтық кодексінің 918-бабы болашақта зиян келтіру қаупі төнген жағдайда сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Талап арызда қауіпті бекітпені жоюды, қажетті жұмыстарды орындауды немесе басқа қауіпсіз шешім болмаған жағдайда блокты демонтаждауды талап етуге болады", - деп кеңес береді Абзал Қасымжанов.

Сондай-ақ процесс аясында талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтініш беруге болады.
Анықтама: талапты қамтамасыз ету туралы арыз - бұл істі қарау барысында жауапкердің жағдайды нашарлатуына немесе соттың болашақ шешімін мағынасыз етуіне жол бермейтін шаралар қабылдау туралы сотқа жолданған өтініш.
Сот талқылауы жүріп жатқанда, кондиционер блогының құлап кету қаупі бар. Суреттерді, тексеру актісін, маманның қорытындысын ұсына отырып, соттан уақытша қауіпсіздік шараларын қолдануды, мысалы, іс қаралғанға дейін тұрғын үй иесіне кондиционерді пайдалануға тыйым салуды сұрауға болады.
Қауіпті кондиционер ісі сотқа жеткенше: қандай шаралар қолдануға болады?
Егер блоктың құлауға шақ қалғаны, мысалы, оның қатты қисайғаны анық байқалса, дереу 112 нөміріне, ал қажет болған жағдайда 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласқан жөн. Полиция немесе ТЖД қызметкерлері келгенге дейін тұрғындарға ықтимал қауіп туралы ескертіп, қауіпті аймаққа кіруді шектеу қажет.

"МИБ төрағасының пәтерді өз бетімен бұзып кіруге немесе өзге біреудің жабдығын шешіп алуға құқығы жоқ. Аса қажеттілікке сілтеме жасау тек басқа амалмен жою мүмкін болмайтын нақты қауіп төнген жағдайда ғана мүмкін. Бірақ бұл араласу кезінде келтірілген залалды өтеуден босатылатынына кепілдік бермейді", - деп түсіндіреді Абзал Қасымжанов.

Кондиционер құлап кетсе, кім жауап береді?
Бұл жағдайда оқиғаның неге болғаны және мүлік иесінің қандай шаралар қолдануы тиіс болғаны анықталуы керек.

"Ықтимал жауапкершілік тек меншік иесімен ғана шектелмейді: монтаждау ақауларының, қасбеттің жай-күйінің, сондай-ақ мердігердің немесе басқарушы ұйымның іс-әрекеттерінің де маңызы болуы мүмкін. Бұл ретте, қауіп туралы негізделген ескерту алып, ешқандай шара қолданбаған меншік иесі өзінің құқықтық ұстанымын айтарлықтай нашарлатады", - дейді Абзал Қасымжанов.

Оның айтуынша, МИБ төрағасы қасбетте болған кез келген төтенше жағдай үшін өздігінен жауапты бола алмайды. Бірақ оның қолында маман қорытындысы, меншік иесіне жіберілген хабарламалар мен тиісті органдарға жолданған өтініштер болса, бұл оның өз міндетін адал атқарғанының дәлелі болады.

"Алайда қауіп туралы чатқа хабарлама жіберіп ескерту ғана жеткіліксіз шара болуы мүмкін екенін түсіну керек. Мұндайда төрағаның қандай міндеттері болғаны, оның мәселеден қаншалықты хабардар болғаны және нақты қандай шаралар қолданғаны бағаланады. Сондықтан тек хат алмасуды ғана емес, сонымен қатар тұрғындарды ескертуді, қауіпті аймақты шектеуді, қызметтерді шақыруды және техникалық көмек ұйымдастыруды құжаттау маңызды", - деп кеңес береді адвокат.

Кондиционерлерді орнату: құлау қаупінен қалай сақтануға болады?
Аталған ұсыныстар мәселені шешуге көмектесуі мүмкін. Ал мұндай жағдайлардың алдын алу үшін не істеу керек?
Кондиционер. Фото: depositphotos.com
Павел Шульгин құрылыс салушыларды көппәтерлі тұрғын үйлерді жобалау кезінде кондиционердің сыртқы блоктары үшін арнайы орындарды, қуыстарды немесе себеттерді қарастыруға міндеттеген дұрыс болар еді деп санайды. Бұл шаршы метрдің құнына әсер етуі мүмкін, бірақ жалпы үй мүлкін сақтап, осындай конструкциялардың астымен жүруге мәжбүр жандардың денсаулығы мен өмірін қорғауға мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар, ӘҚБтК-де жаңа ҚНжЕ және тұрмыстық кондиционерлерді орнату ережелеріне негізделген жаңа бап енгізуге болады. Онда кондиционерлерді қасбетке немесе қоршау конструкцияларына емес, тек тіреуіш қабырғаға орнату керек екенін көрсету қажет. Бұл жағдайда қарапайым учаскелік инспектор бұл бапты кондиционер иесіне қатысты қолдана алар еді. Осылайша, бұл процестен үйді басқару органы шығарылады, өйткені біздің ойымызша, олардың онсыз да мұндай өкілеттігі жоқ", - деп есептейді Павел Шульгин.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы - "Абаттандыру қағидаларын бұзу" бар емес пе. Мәселен, үй маңын тәртіппен ұстамасаң немесе қоқыс тастасаң - айыппұл арқалайсың. Спикердің пайымдауы бойынша, неге кондиционерлер мен өзге де жабдықтарды тиісінше орнатпағаны үшін 505-1-бапты енгізбеске? Онда сыртқы модульдерді белгілі бір форматта монтаждауға тыйым салынатыны, әйтпесе иесінің есебінен айыппұл салынып, бөлшектелетіні жазылар еді. Бұл жағдайда, Павел Шульгинның пікірінше, мәселе сотсыз-ақ шешілер еді.
Авторы: Елена Бахарева
Аударған: Дина Шәріпхан



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net