Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Каспийдегі қайғылы оқиға: қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаражат жинау аяқталды

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қажет сомма жиналды. Қаражат арнайы комиссияның бақылауымен атаулы түрде бөлінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақтауда қайғылы оқиғаның себептерін тергеу және салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия отырысында белгілі болды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов скери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын еске салды.

"Бүгінде қылмыстық іс аясында бес лауазымды тұлғаның күдікті мәртебесі процессуалдық түрде бекітіліп, Ақтау уақытша ұстау изоляторына қамалды: олар - Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлім командирі, теңіз жаяу әскері ротасының командирі және катер командирі", - деді Әділов.

Оның айтуынша, тергеу амалдары жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында қатысы бар барлық тұлғаның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, күдіктілердің бәрі анықталады.
Үкіметтік комиссия төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мемлекет қаза тапқан әскерилердің отбасыларын қолдау бойынша барлық міндеттемені орындайтынын мәлімдеді. Заңда қарастырылған төлемдер кешіктірілмей берілуі тиіс. Әр отбасына туындаған мәселелерді шешуге көмектесетін және оларды сүйемелдейтін мамандар бекітіледі.
Сондай-ақ отырыста қаражат жинауға үлес қосқан Халық кеңесі мүшелерінің, Құрылтай депутаттарының, саяси партия өкілдерінің, кәсіпкерлердің, меценаттар мен азаматтардың үлесі атап өтілді. Қажетті сомма жиналуына байланысты, бұдан былай жылу жинау науқаны аяқталды деп жарияланды.

Ақша ашық әрі әділ бөлінуі үшін бөлек комиссия құрылды. Оны Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов басқарады.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау тапсырылды. Қайғылы оқиғаны тергеу және қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесі Үкіметтік комиссияның бақылауында болады.
Каспийдегі қайғылы оқиға
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Әскери қызметшілерді су ағызып әкетті.
Бастапқыда 19 әскери қызметші суға кеткені хабарланған болатын. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі 17 адам суға кеткенін нақтылады. Үш адам құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
25 қыркүйекте таңертең Қорғаныс министрлігі соңғы екі әскери қызметшінің мәйіті табылғанын хабарлады - олар сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы. Олар сағат 09:15 шамасында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде табылды.
Осылайша, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Каспий теңізінде іздестіру операциясы аяқталды.
Құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы туралы не белгілі?
Құтқарылған үш адамның біреуі - 19 жастағы Ақжол Темірәлиев Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.
25 қыркүйекте медициналық мекеме директорының орынбасары Үміт Ильясова Tengrinews.kz тілшісіне әскери қызметші өткен тәулікте ауыр жағдайда түсіп, "қызыл аймаққа" жіберілгенін айтты. Кейін ол жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесіне ауыстырылды.
Дәрігердің айтуынша, әскери қызметшіге психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр.
Қатты жел туралы алдын ала ескертілген
23 қыркүйекте сағат 20:00-де "Қазгидромет" Маңғыстау облысыда дауылды ескерту жариялаған. Ол келесі күні - қайғылы оқиға болған 24 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін күшінде болды.
Синоптиктер оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейетінін, сондай-ақ өңірдің солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұратынын болжаған.
Ескерту "Қазгидрометтің" ресми хабарламаларында ғана таратылған жоқ. 24 қыркүйекте Маңғыстау облысының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы SMS-хабарлама да келген.
Сонымен қатар осындай дауылды ескерту бір күн бұрын, 23 қыркүйекте де жарияланған.
Тергеу нені анықтады?
Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлігі "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау" және 465-бабы "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
25 қыркүйекте Бас прокуратура тергеудің алғашқы нәтижелерін хабарлады. Тергеушілер оқиға орнын зерттеп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алды, құжаттар мен бейнематериалдарды тәркіледі. 12 сараптама тағайындалды.
Қадағалау органының мәліметінше, қызметке салғырт қарады деген күдікпен лауазымды тұлғалар анықталды. Атап айтқанда, тергеу ауа райы жағдайын ескере отырып жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мән-жайын, сондай-ақ құтқару жұмыстарының ұйымдастырылуын тексеріп жатыр.
Лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесі бойынша беріледі.
Үкіметтік комиссия және отбасыларға көмек көрсету
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Үкіметтік комиссия құрылды.
Комиссияның 24 қыркүйекте өткен отырысында Бозымбаев оқиғаның себептерін анықтау мен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды.
Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қазасына қатысты мән-жайды тергеп жатыр
Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты. Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Әскери қызметшілер неге суға түсірілді, ауа райына байланысты оқу-жаттығуды тоқтатуға мүмкіндік болды ма және құтқару операциясы неге адам өлімінің алдын ала алмады? Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында 14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі қасіреттің ықтимал себептерін талдап берді. Сонымен қатар ол нақты жауаптарды тергеу анықтауы тиіс екенін атап өтті.
Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз - Каспийде не дұрыс болмады? Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қайғылы оқиғаның ықтимал себептерін атады


Загрузка...

Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net