Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Еңбек демалысында ауырып қалсаңыз, күндеріңіз күйіп кете ме?

Демалыс кезінде ауырып қалу - жиі кездесетін жағдай. Бірақ мұндайда не істеу керегін көбі біле бермейді. Демалысты ұзартуға бола ма, пайдаланылмаған күндерді кейінге шегеріп, ақшаны жоғалтпаудың жолы қандай? Толығырақ Tengri Life материалынан оқыңыз.
Ауырған жағдайда демалыс күндерін қалай сақтауға болады?
Егер демалыс кезінде ауырып қалсаңыз, сол күндерді демалыс есебінен өткізу немесе еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашу - өз таңдауыңыз. Бірақ демалыс күндерін сақтап қалғыңыз келсе, міндетті түрде ресми еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу қажет. Бұл туралы адвокат Абзал Қасымжанов айтты.
Неге жай анықтама жеткіліксіз? Кәдімгі медициналық анықтама немесе басшыға мессенджер арқылы жіберілген хабарлама демалыс күндерін кейінге шегеруге негіз бола алмайды. Ол үшін міндетті түрде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қажет.

"Уақытша еңбекке жарамсыздықты ресми түрде растайтын құжат - осы парақ. Егер ол тиісті тәртіппен рәсімделмесе, ауырған күндеріңіз кәдімгі демалыс күндері ретінде есептеліп, кейін қайтарылмауы мүмкін", - деп түсіндірді Қасымжанов.

Еңбек кодексінің 94-бабына сәйкес, ауруға сәйкес келген демалыс күндері тек қызметкердің өтініші бойынша кейінге ауыстырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен өтініш болмаса, бұл күндер кәдімгі демалыс ретінде есепке алынады.

"Бір күндер үшін бір мезетте әрі демалыс ақысын, әрі уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға болмайды. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен тұспа-тұс келген ауру күндеріне жәрдемақы төленбейді. Бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған демалыс күндері жоғалып кетпейді. Оларды кейін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға болады", - деді адвокат.

Жұмыс берушіге ауырып қалғаныңыз туралы қашан хабарлау керек?
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған бойда басшыңызға немесе кадр бөліміне хабарлаған дұрыс. Кодексте "24 сағат ішінде хабарлау керек" деген нақты талап жоқ. Алайда демалысты кейінге шегеру туралы өтінішті еңбек демалысында жүрген кезде беру қажет.
Хабарламаны электрон пошта немесе компанияның ішкі жүйесі арқылы жіберген жөн. Осылайша өтініш берген күн тіркеліп қалады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жабылғаннан кейін оның түпнұсқасын немесе электрон нұсқасындағы мәліметтерді кадр бөліміне тапсыру керек.
Ауырғаннан кейін демалыс күндерін қалай кейінге шегеруге болады?
Егер еңбекке жарамсыздық парағы дұрыс ресімделсе және сіз өтінішті уақытылы берсеңіз, жұмыс берушінің бұл күндерді жоюға құқығы жоқ.
Жұмыс беруші неден бас тарта алады? Демалыстың нақты қай күндерге ауыстырылатынын бекітуден бас тарта алады. Жаңа мерзім жұмыс беруші мен қызметкердің келісімімен белгіленеді.
Мынаны да ескерген жөн:

Демалыс күндерін қалай пайдалануға болады. Оларды осы жұмыс жылы ішінде бөлек алып демалуға немесе келесі жылғы еңбек демалысына қосуға болады.
Қандай құжаттар қажет? Демалыс күндерін кейінге шегеру үшін екі құжат керек: еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және жазбаша өтініш. Өтініште ауырған мерзім, демалыспен сәйкес келген күн саны және демалысты қай күндерге ауыстырғыңыз келетіні көрсетіледі. Осы құжаттардың негізінде бұйрық шығарылады.
Ақша мәселесі. Бір кезеңге екі рет төлем жасалмайды - бұған Еңбек кодексінің 133-бабы жол бермейді. Демалыс ақысын алып қойғандықтан, сол күндерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленбейді. Бірақ ауру демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, еңбек демалысынан тыс қалған күндерге жәрдемақы әдеттегі тәртіппен есептеледі.


"Еңбек кодексі демалысты автомат түрде ұзарту емес, оны ауыстыру механизмін қолданады. Қызметкер қалған күндерді ағымдағы жұмыс жылында бөлек беруді сұрай алады. Жұмыс берушімен келісім бойынша оларды келесі жұмыс жылының демалысына қосуға да болады", - деп түсіндірді Абзал Қасымжанов.

Нақты нұсқаны уақытылы келісіп, жазбаша түрде рәсімдеу қажет.
Төленген демалыс ақысы не болады? Ақшаны кассаға қолма-қол қайтарудың қажеті жоқ. Бухгалтерия есепті түзетеді: ауыстырылған күндердің сомасы алдағы төлемдер кезінде ескеріледі немесе сіз сол демалысты пайдалануға шыққанда (сол кездегі өзекті орташа жалақыны ескере отырып) қайта есептеледі.
Демалыста жүріп жұмыстан шығуға бола ма?
Заң жұмыс берушінің бастамасымен демалыстағы қызметкерді жұмыстан шығаруға тыйым салады, бірақ қызметкердің өзі кез келген уақытта жұмыстан шығу туралы өтініш беруге толық құқылы.
Еңбек кодексінің 56-бабына сәйкес, бір ай бұрын ескерту мерзімі "міндетті түрде жұмыс істеу" дегенді білдірмейді. Бұл мерзім өтініш берілген күннен бастап есептеледі және еңбек демалысы кезінде де жүре береді.
Мысалы: егер бір айлық демалыстың алғашқы күні жұмыстан шығу туралы өтініш берсеңіз, демалыс аяқталған соң еңбек шартыңыз тоқтатылады. Демалыстан кейін тағы бір ай жұмыс істеудің қажеті жоқ. Ал демалыс бір айдан қысқа болса, 30 күндік ескерту мерзімі аяқталғанша қалған күндерін жұмыс істеу қажет болады.
Жұмыстан қалай тезірек шығуға болады:

Тараптардың келісімі бойынша. Жұмыс берушімен шартты бұзудың кез келген күні туралы келісу.
Компания тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда. Егер жұмыс беруші еңбек шартын бұзса, жазбаша хабарлама жіберіңіз. Егер бұзушылықтар 7 жұмыс күні ішінде жойылмаса, сіз 3 жұмыс күнінен кейін жұмыстан шығуға құқылысыз.

Маңызды: жұмыстан босатылған кезде жұмыс беруші пайдаланылмаған барлық демалыс күні үшін өтемақы төлеуге және 3 жұмыс күнінен кешіктірмей толық есеп айырысуды жүргізуге шарт тоқтатылғаннан кейін міндетті.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net