Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Тұрғын үй кешені асыра бағаланғанын қалай түсінуге болады? Сатып алу алдында тексеру керек 8 белгі

Шаршы метрдің бағасы тұрғын үй кешенінің тым қымбат екенін немесе керісінше екенін  білдірмейді. Бір ТҮК-де жоғары баға орналасқан жерімен, сапасымен және ұсыныс тапшылығымен негізделуі мүмкін. Басқасында дәл осындай баға негізсіз жоғары болып шығуы ықтимал. Мұндай жағдайда сатып алушы пәтерін айтарлықтай жеңілдіксіз (дисконтсыз) сату мүмкіндігін ұзақ күтетін болады.
Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Виталий Шалаев Тengri Нome-ға арналған авторлық бағанында неге "шаршы метрі қанша тұрады" деген сауалдан емес, "бұл бағаны нақты нарық растай ма" деген сұрақтан бастау керектігін айтады.
ТҮК бағасының тым жоғары екенін мына сегіз көрсеткіш арқылы түсінуге болады:аналогтарға қатысты баға → сапа → жобаның сатысы → қайталама нарық → жалдау → өтімділік → құрылыс салушының іс-әрекеті → шығу әлеуеті.
Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша басты сарапшы - сатып алушы. Егер пәтерлер көп болса, олар нарықта ұзақ тұрып қалса, ал сатушылар бағаны түсіруге мәжбүр болса, бұл - нарықтың берген белгісі.№1 белгі - аналогтарға қатысты баға
Алматыдағы пәтерді бағалау кезінде ең алдымен осы ТҮК-дегі және оған жақын маңдағы ұқсас нысандардың құнын тексеруге кеңес беремін.

Тек шаршы метрдің бағасын ғана салыстыру жеткіліксіз. Жобаның класы, орналасқан жері, ауданы, жоспарлануы, пәтердің жай-күйі, инфрақұрылымы, паркинг және жобаның сапасы маңызды. Егер ТҮК бәсекелестерінен айтарлықтай қымбат болса, сатып алушының бұл үстеме бағаны нақты не үшін төлеп жатқаны түсінікті болуы тиіс.
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Виталий Шалаевжылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы



№2 белгі - сапаға қатысты баға
Жоғары бағаның объективті түсіндірмесі болуы керек. Ол мыналар болуы мүмкін:

тиімді орналасуы;архитектурасы;оқшауланғандығы;терезеден көрінетін панорамалық көріністер;құрылыс сапасы;сирек кездесетін жоспарлануы;инфрақұрылым деңгейі.


Егер бәсекелестермен айтарлықтай айырмашылық болмаса, бірақ баға әлдеқайда жоғары болса, артық төлеу қаупі туындайды.

№3 белгі - жобаның сатысына қатысты баға
Бұл әсіресе жаңа құрылыстан пәтер алғанда өте маңызды.

Сату басталғандағы баға мен дайын ТҮК-дегі баға - екі бөлек нәрсе. Бастапқы кезеңде сатып алушы тәуекелдерді көбірек қабылдайды және құрылыс барысында құнның өсуіне үміт артады.

Бірақ жоба аяқталуға жақындаған сайын, болашақ әлеует үшін артық төлеуге негіз азая береді. Сондықтан мен мынадай сұрақ қоюды ұсынамын: бүгінгі бағаға өсімнің қанша пайызы енгізіліп қойған?№4 белгі - қайталама нарыққа қатысты бағаҚайталама нарық - нақты құнның ең жақсы индикаторларының бірі. Құрылыс салушы ұсынған пәтерді сол ТҮК-дегі дайын ұқсас пәтерлермен салыстыру керек.

Егер меншік иелері арзанырақ сатып жатса, ал олардың пәтерлері жарнамада айлап тұрып қалса - бұл өте маңызды белгі.

Сатып алушы үшін жарнамалық емес, нарық мәміле жасауға дайын нақты бағаны түсіну маңызды.№5 белгі - жалдау құнына қатысты баға
Табыс табу мақсатында сатып алынатын пәтер үшін жалдау ағынына міндетті түрде қарауға кеңес беремін. Практикалық бағдар: шамамен 10 жылдық өтелімділік мерзімі 12 жыл немесе одан да көп уақытқа қарағанда әлдеқайда тартымды көрінеді.
Егер пәтер қымбат болса, бірақ жалдау ақысы бұл құнды ақтамаса, өтімділікті ерекше мұқият бағалау қажет.

Жалдаудан келетін табыс төмен болған жағдайдағы жоғары баға, сатып алушының ең алдымен құнның өсуін күткені үшін ақы төлеп жатқанын білдіруі мүмкін.

№6 белгі - өтімділік және жарнамада тұру мерзіміҚазір ТҮК-де қанша пәтер сатылып жатыр? Олар нарықта қанша уақыт тұр? Бұл - ең негізгі сұрақтардың бірі.

Егер жақсы пәтерлер тез өтіп кетсе - демек, сұраныс бар. Ал егер ондаған ұқсас нысан хабарландыруларда айлап тұрса, иелері бағаны түсірсе де мәмілелер жасалмаса - нарық жобаның шынайы өтімділігін көрсетіп тұр деген сөз.

Әсіресе қолайсыз жердегі пәтерлердің көптігі мен қайталама нарықтағы ұзақ сатылу мерзімінің үйлесуі - қауіпті белгі.
Бұны қалай тексеруге болады? Біріншіден: мен Алматы бойынша сатылған пәтерлер санының ай сайынғы статистикасын қарар едім. Ол жағдайды анық көрсетеді. Екіншіден: өз ТҮК-дегі ұсыныстар санының қалай өзгеретінін бақылар едім. Пәтерлер нарықта қанша уақыт "тұрып" қалды? Мұны жылжымайтын мүлік сататын сайттардан көруге болады. Үшіншіден: бағаның төмендеуіне, яғни қанша пәтер иесі жарнамада бағаны нақты түсіре бастағанына назар аударар едім.№7 белгі - құрылыс салушының іс-әрекеті
Кейде нақты бағаны түсінуге құрылыс салушының өзі көмектеседі. Тұрақты жеңілдіктерге, сыйлықтарға, бөліп төлеуге, арнайы шарттар мен акцияларға назар аудару қажет.

Егер пәтердің ресми құны 100 миллион теңге болса, бірақ сатып алу кезінде құрылыс салушы жеңілдік, жиһаз, паркинг немесе басқа да бонустар ұсынса, мәміленің нақты экономикасы мүлдем басқаша болады.

Сондықтан тек бағаға емес, сатудың нақты шарттарына да назар аудару қажет.№8 белгі - шығу әлеуеті
Жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде қоюға кеңес беретін соңғы сұрақ: "Үш-бес жылдан кейін бұл пәтерді кімге сатамын?"
Егер бүгін пәтер қымбат тұрса, болашақ сатып алушы одан да көп төлеуге дайын болуы тиіс. Егер нақты жауап болмаса, тек бағаның өсуіне сенім арту қауіпті.
Жақсы нысан міндетті түрде тиімді сатып алу болып саналмайды.
Бағасы тым асыра көрсетілген тұрғын үй кешенінен пәтер ұнаса, не істеу керек?
Егер клиентке бағасы асыра бағаланған ТҮК ұнаса, мен әдетте: "Оған дәл осы нысан не үшін қажет?" деп сұраймын. Егер дәл осы жерден сатып алудың нақты себебі болса, міндет өзгереді.

Адамды кез келген жолмен райынан қайтарудың қажеті жоқ. Әділ бағаны іздеу керек. Себебі жақсы ТҮК-ті қымбатқа сатып алып, нашар инвестицияға айналдыруға болады. Керісінше - егер дұрыс бағаға келіссе, қызықты нысан тартымды бола алады.

ТҮК-ті бағалау кезінде мен тек нысанның өзіне қарамаймын. Мен ұсыныстар санын, орналасқан жерін, бастапқы және қайталама нарықты, экспозиция мерзімін, жалдау кірістілігін және сатушының мінез-құлқын зерттеймін.Әсіресе, бір жобадағы көптеген пәтерлердің ұзақ уақыт бойы сатылымда тұрған жағдайына ерекше мән беремін. Бұл нарықтың әзірге мәлімделген бағаны қабылдауға дайын емес екенін білдіреді.
Жылжымайтын мүлікте жай ғана жақсы ТҮК табу маңызды емес. Бүгін ол үшін артық төлеп отырған жоқсыз ба және ертең бұл активтен қаншалықты оңай шыға аласыз - соны түсіну маңызды.

Сондықтан сатып алу алдындағы басты сұрақ "бұл жақсы ТҮК пе?" емес, "нарық бұл пәтер үшін неге дәл осынша сома төлеуі керек?" болуы тиіс.

Егер бұл сұраққа нанымды жауап болса - нысанды қарастыруға болады. Егер жауап болмаса - бағаны қайта қарау қажет.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Автор туралы: Виталий Шалаев - Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы, инвестор, жылжымайтын мүлік агенттігінің басқарушы директоры, капиталды басқару, сақтау және өсіру жөніндегі маман. 20 жылдан астам уақыт бойы меншік иелеріне, инвесторлар мен кәсіпкерлерге жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату және инвестициялау мәселелері бойынша кеңес беріп келеді.
Тағы оқыңыз:2026 жылғы Алматының ең үздік аудандары: баға рейтингі емес, өмір сүру сапасы бойынша топ-5 локацияАударған: Нұрила Ермекбай

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net