Алматыда Абай даңғылын белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қыз ауруханаға түсті
Жол апаты Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелерінің арасындағы бөлігінде болған. BYD көлігі шығыс бағытта келе жатқан.
Көлік қаққан қыз дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Оқиғадан кейін полиция тұрғындарға жолды тек жаяу жүргіншілерге арналған өткелден кесіп өту керегін ескертті.
"Жолды қысқартамын деп белгіленбеген жерден өту ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер. Жолдағы бір сәттік абайсыздықтың салдары ауыр болуы мүмкін", – деді полиция өкілдері.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)