Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Сәлем, Софиевка“. Мұнда бәрі бар, бірақ бірдеңе жетіспейді

Tengrinews.kz редакциясы "Астана төңірегінде" атты жаңа арнайы жобасын жалғастырады.
Бұл жолы тілшілеріміз Софиевка ауылына барып қайтты.
Жоба аясында біз елордаға жақын орналасқан елді мекендер туралы баяндаймыз. Ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, тұрғындарға қаншалықты қолайлы екені және олардың күнделікті өмірі астаналықтардан айырмашылығы қандай екенін көрсетеміз. Елорда маңында да өмір бары анық, бірақ ол қандай? Біз бұл туралы аз білеміз.
Арнайы жобаның әр шығарылымында біз ауылдардағы жолдардың жай-күйіне, мектеп, аурухана және балабақшалардың бар-жоғына, тұрғындар үшін елордаға қатынайтын көліктің қолжетімділігіне, жұмыс орындарына, бос уақытты өткізу мүмкіндіктеріне, әлеуметтік және туристік инфрақұрылымға, сондай-ақ үйлер мен жер телімдерінің бағасына назар аударамыз. Қай ауылдың үздік болатынын оқырмандар мен көрермендер шешеді. Ең бастысы - жаңа материалдарды жіберіп алмаңыздар. Алдыңғы жарияланымда біз оқырмандарға Ақмолды - жұрт көшіп кеткісі келмейтін ауылды көрсеткен болатынбыз.
Ал Софиевка Астана шекарасынан 30 шақырым жерде.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Ауыл тарихы XIX ғасырдың аяғынан бастау алады: 1899 жылы мұнда "Софиевский" қоныс аудару учаскесі құрылып, 1901 жылы Софиевка ауылдық қоғамы пайда болды. Жердің тарихи атауы - Қойайырған.
Мектеп мұражайында сақталған сурет
Кеңес дәуірінде Софиевка ауылдық кеңестің әкімшілік орталығына айналып, ауыл шаруашылығы елді мекені ретінде дамыды.
Софиевка ауылындағы мектеп мұражайының архивінен алынған сурет
Бұл репортаждың видео нұсқасын біздің Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар:

Егер бүгінгі халық саны мен мұнда жұмыс істейтін ұйымдар туралы айтар болсақ, бүкіл ауылдық округтің деректерін келтірген дұрыс - оған Софиевканың өзі және жақын маңдағы Жабай атты шағын ауыл кіреді.
Округте 3 390 адам тұрады, олардың басым бөлігі - белсенді, яғни жұмыс істейтін халық. Мұнда зейнеткерлер үлесі небәрі 10 пайызға жуық.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Софиевканы шартты түрде ескі және жаңа бөлікке бөлуге болады. Google Maps ғарыштық түсірілімдерінен шығыс бөлігі қазір белсенді түрде салынып жатқаны, болашақ жолдар мен мөлтек аудандардың нобайы анық көрінеді:
Google Maps түсірілімі
Ауылдың жаңа бөлігіндегі жер телімдері - кезінде мемлекеттен 10 соттық жер алуға өтініш бергендерге беріледі.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Софиевканың ескі бөлігінде орталық су құбыры бар. Жаңа бөлігінде әзірге жоқ, бірақ су алуға болатын блок-модуль орнатылған.
Жергілікті әкімдік уәдесі бойынша, бұл қолайсыздықтар уақытша, болашақта бүкіл ауылды орталықтандырылған сумен қамту жоспарланған.
Ауылдың жаңа ауданындағы ауыз су алуға болатын блок-модуль. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Айтпақшы, жаңа бөлікте кемінде жарты ғасырлық тарихы бар бұлақ бар.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, одан су алуға тіпті астаналықтар да келеді.
Жақында бұлақ айналасы айтарлықтай абаттандырылды. Бұрын мынадай болатын:
Бұлақтың бұрынғы бейнесі. Суретны ауылдық округ әкімдігі ұсынды
Кейін ескі металл вагонның орнына кірпіштен нық ғимарат тұрғызылды.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Сондай-ақ мұнда демалатын орын мен бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Ауылдық округ әкімдігінің айтуынша, бұл бұлақтың суы тіпті сараптамаға жіберілген. Нәтижелер оның ішуге жарамды екенін көрсетті.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Елордадан су ішуге келетіндер туралы айтқан соң, бірден осы жердің жалпы туризміне тоқтала кетейік. Бұлақтан кейінгі екінші әрі соңғы тартылыс орны - танымал ат қорасы. Туристер үшін Софиевкаға бұдан бөлек ат басын бұратын себеп жоқ.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Тіпті жергілікті тұрғындардың өзі шомылу үшін жақын маңдағы Қоянды су қоймасына барады. Софиевка өзені бұған арналмаған.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Жергілікті халықтың басым бөлігі күндіз жұмыста болса, дәмханаларға да сұраныс жоқ. Қалай болғанда да, біз Софиевкадан түскі ас ішетін жер таба алмадық. Есесіне өте қызықты асханаға бас сұқтық. Мұнда тек жергілікті кәсіпорын жұмысшылары тамақтанады, бірақ бізге ішкі көрінісін суретке түсіруге рұқсат берді.
Ғимарат 1994 жылы салынғанымен, өте ерекше атмосфераға ие, тіпті кино түсіруге сұранып тұр деуге болады. Қабырғаларындағы мынадай мозаика сол күйі сақталған.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Сонымен қатар қабырғалардағы мынадай ағаштан ойылған элементтер де бар. Қолдан жасалған туындыға ұқсайды.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Тек мына ауыр аспашамдардың өзі неге тұрады...
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бірде Софиевкада сериал түсірілімі өткен (дәл қайсы екенін естеріне түсіре алмады) және осы асханада көріністердің бір бөлігі түсірілген.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Енді халықтың жұмыспен қамтылуы туралы. Жергілікті тұрғындардың көбі Астанада жұмыс істейді. Бірақ ауылдық округтің өзінде де жұмысқа орналасатын жерлер бар: мұнда тоғыз ЖШС, түрлі ЖК жұмыс істейді, карьерлер мен алты шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр.
Орталық көшедегі ауыл тынысы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ал көлік қолжетімділігіне келсек, Астанаға №317 қала маңындағы автобуспен немесе жеке кәсіпкердің тұрақты қатынайтын шағын автобусымен адам басына 500 теңгеге жетуге болады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Ал Софиевкада жетіспейтін нәрсе - ол жаңа мектеп. Негізі мұнда мектеп бар.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Бұл 1981 жылы салынған ғимарат, бірақ жақсы көрінеді - мұнда жүйелі түрде жөндеу жүргізіліп, сыныптар жаңартылып тұратыны байқалады. Дегенмен, мектептің сыйымдылығы небәрі 319 орын болса, мұнда одан екі есе көп бала оқиды. Әкімшіліктің айтуынша, оқушылар саны жылдан жылға өсіп келеді.
Тілші Иван Сухоруков жаңартылған химия кабинетінде парталардың ыңғайлығын тексеріп отыр. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Бала саны артып келеді, - дейді мектеп директоры Қарлығаш Малғаждарова. - Кейбіреулер елордаға көшіп жатса, мұнда көшіп келушілер де көп. Болашақта бізге жаңа мектеп қажет. Біз бұл туралы үнемі айтып келеміз, бізге үлкен әрі жайлы мектеп жетіспейді".

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Софиевкада мектептен бөлек екі шағын балабақша бар: біреуі - мемлекеттік, екіншісі - жекеменшік.
Балабақша алаңы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ал ауылдағы бос уақытты өткізу туралы айтар болсақ, тұрғындар жергілікті Мәдениет үйіне барады. Оның алдындағы аумақ - Софиевканың басты алаңы, мұнда барлық бұқаралық іс-шара өтеді.
Софиевка ауылының Мәдениет үйі алдындағы басты алаңы. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Мәдениет үйінің тарихына жеке тоқталуға тұрарлық. Мәселе мынада, ол бір кездері сыртынан қарағанда мынадай болған:
Суретны ауылдық округ әкімдігі ұсынды
Ал іші - мынадай:
Суретны ауылдық округ әкімдігі ұсынды
Ғимарат қараусыз қалған болатын. Кейін ол "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде ауыл тұрғындары үшін кең әрі еңселі орталыққа айналды.
Концерттер, кино көрсетілімдері және басқа да іс-шараларға арналған зал. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Бірнеше жыл бұрын бұл Мәдениет үйі тіпті облыстағы үздік мекеме атанды.

"Қазір бізде мәдени және шығармашылық іс-шаралар, қолөнер және түрлі үйірмелер өткізуге барлық жағдай бар. Спорт залы, жаттығу залы жұмыс істейді. Тіпті кинопроектор да бар - ауыл тұрғындары демалыс күндері келіп, фильм тамашалай алады. Залдардың бірінде хореография, екіншісінде музыкамен айналысуға болады. Жалпы, қазір бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған", - дейді мәдениет ұйымдастырушысы Айнұр Сүлейменова ағынан жарылып.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Жергілікті амбулатория да салыстырмалы түрде жақында - алты жыл бұрын салынған. Біз оған да бас сұқтық. Бірақ түскі үзіліске тап болғандықтан, дәрігерлерді де, пациенттерді де жолықтыра алмадық.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Дегенмен, аға медбике бізге шағын экскурсия жасап, жергілікті амбулаторияда не бар екенін көрсетті: қабылдау және физиотерапия кабинеттері, процедура бөлмесі, ЭКГ, күндізгі стационар, зертхана.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Мұнда тіс дәрігерінің кабинеті де бар, бірақ дәрігердің орны бос тұр. Егер сіз медицинаның осы саласының маманы болсаңыз және жұмыс іздеп жүрсеңіз, Софиевкадағы жұмыс орнын қарастырып көруге болады.

"Бізге көбіне суық тию ауруларымен келеді, - дейді амбулатория жұмысы туралы аға медбике Атлас Жанғожина. - Бірақ жалпы алғанда, барлық жердегідей, келушілер маусымға байланысты. Бау-бақша жұмыстары мен жөндеу жұмыстары басталатын жылы мезгілде дене жарақаты, кесіп алумен келетіндер көп. Көктайғақта да жарақат алып келеді, оған қоса сынықтар жиілейді".

Атлас Жанғожина жаңа жабдықтарды көрсетіп жатыр. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Бірақ ауыл тұрғындарының өздерімен де Софиевкадағы тұрмыс туралы сөйлесу маңызды. Оның үстіне күндіз мұнда көшеден біреуді кездестіру қиын - бәрі негізінен жұмыста немесе бау-бақшада. Ал кейбіреулері сұхбаттасудан бас тартады. Сондықтан бізге тұрғындардың қақпасын қағуға тура келді.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Осылайша, біз Әлжановтар отбасымен - Ғабдулхай Жаркеевич пен Бағлат Токушевнамен танысамыз.
Бағлат Токушевна және Ғабдулхай Жаркеевич Әлжановтар. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Осы күзде олар 50 жылдық мерейтойын тойлайды.

"Ауылда жағдай жақсы, - деп жауап берді Ғабдулхай Әлжанов біздің сұрақтарымызға. - Жарық, су, асфальт, тротуарлар - бәрі бар. Ауылда бізге тағы не керек? Бақша, монша, гараж - айтқандай, бәрі өз орнында. Үй ішінде әжетхана, су, душ бар. Септиктер тазартылып тұрады. Ұзақ жанатын пеш орнатқанбыз. Ауылға газ тартылса, тіпті керемет болар еді". 

Көптеген жергілікті тұрғындар көрші ауылдарда, мысалы, Қояндыда жасалғандай, газдандыруды асыға күтетіндерін айтады. Орталық жылыту мұнда жоқ - пеш жағады. Бірақ Софиевканың қашан газдандырылатыны белгісіз.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Біз жергілікті тұрғындардың есігін қағып, аз-кем сөйлесуді жалғастырдық. Сонымен, Ботагөз Нұрымовамен танысамыз. Ол біздің сұхбат алатынымызды білгенде, киімін ауыстырып, әшекейлерін тағып алуға уақыт беруімізді өтінді.
Ботагөз Нұрымова. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Кейін ол өмір бойы мектепте, ал жұбайы совхозда жұмыс істегенін айтып берді. Олар мұнда жас кезінде - Целиноградқа (Астананың бұрынғы атауы) жақын жерден қоныс іздеп келген екен. Таңдау Софиевкаға түсіп, осында тұрақтап қалған.

"Алғаш келгеннен-ақ бұл ауыл өзіне баурап алды, осында тұрғың келіп тұрады, - деп еске алады Ботагөз Қайроллақызы. - Бір жерге барғанда бірден ғашық болып қалатын кездер болады ғой. Қазірдің өзінде бір жаққа аз уақытқа шығып кетсем, қайтып келе жатқанда ауылға кіре берісте қол бұлғап: "Армысың, туған ауылым Софиевкам", - деймін. Күйеуім бар күш-жігерін совхоз жұмысына арнады. Отағасының бақилық болғанына 27 жыл өтсе де, әлі күнге дейін жаңбыр жауса, оның еңбегімен егілген алқаптар суарылып, жақсы өсетін болды деп қуанамын. Өкінетінім - оның Софиевканың қазіргідей құлпырған бейнесін көрмегені".

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Егер сіз де Софиевкаға қоныс аударғыңыз келсе, мұндағы үй бағаларын біліп жүрген артық етпейді. Ең арзан, бірақ аса көрнекті емес баспана шамамен 10–15 миллион теңге тұрады. Ал жер телімдері бір жарым миллион теңгеден бастап сатылады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Соңында біз Софиевка ауылдық округінің әкімімен сөйлестік. Ауылға кіре берістегі жолдың түйткілді тұсы туралы сұрадық. Тұрғындар осы жолға шағымданады, оның қазіргі сиқы мынадай:
Ауылдағы жолдың түйткілді тұстарының бірі. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Сондай-ақ ауылдағы жарықтандыру мәселесіне де қызықтық. Онда жалаңаш бағандар тұр, бірақ неге екені белгісіз, шамдары жоқ:
Шамдары жоқ жарық бағандары. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Софиевка ауылдық округінің әкімі Бекзат Сүгірәлиев былай деп жауап берді:

"Ауыл ішіндегі жолдар мен кентке келетін жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 15 шақырымға жуық автокөлік жолына асфальт төселіп, тротуарлар салынды. Жоба әлі аяқталған жоқ. Алдыңғы мердігер ұйыммен сот шешімі негізінде келісімшарт бұзылды. Қазір қалдық құнын есептеу процедуралары жүргізіліп жатыр. Жарықтандыруды күрделі жөндеуге келсек - онда басқа мердігер ұйым. Олармен де 2025 жылы келісімшарт тоқтатылды. Бұл жоба да толық көлемде аяқталмаған. Қазіргі уақытта жобаға түзетулер енгізіліп жатыр.

Шенеунік ауылда жарық бар екенін, тек әзірге барлық көшеде емес екенін айтып өтті.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Дегенмен ол бұл мәселелердің ерте ме, кеш пе шешімін табатынына уәде берді.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, елордадан тыс жерде де тіршілік бар және адамдар өміріне дән риза, дегенмен әлі де жақсартатын тұстар жоқ емес.
Егер сіз Софиевкада тұрсаңыз немесе бұрын тұрған болсаңыз және біз айтпай кеткен немесе назардан тыс қалған мәселелер бар деп есептесеңіз, бұл туралы пікірге жазыңыз. Сондай-ақ, оқырмандардан Астана маңындағы басқа ауылдар туралы оқиғаларды күтеміз. Біз ол жерлерге бару мүмкіндігін қарастырамыз.
Авторлары: Иван Сухоруков, Нурлан Алжабаев, Алимжан Аманжол
Аударған: Дина Шәріпхан


Загрузка...

Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net