Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Пәтерді Trade-In арқылы айырбастау: құрылыс салушылар ипотекаға қандай балама ұсынады?

Алматылықтарға пәтерлерді Trade-In, яғни бартер арқылы сатып алу ұсынылып жатыр. Кейбір құрылыс салушылар қолданыстағы жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті қосымша ақымен жаңа баспанаға айырбастауға уәде береді. Сарапшылар мұндай жағдайлар еліміздің басқа өңірлерінде де кездесетінін атап өтті.
Құрылыс компаниялары тағы қандай нұсқаларды ұсынады? Олар сатып алушы үшін қауіпсіз бе және мұндай мәмілелерді заң бойынша қалай ресімдеу керек? Бұл сұрақтарға Tengri Home-ға жылжымайтын мүлік, құрылыс және құқық саласының мамандары жауап берді.
Ескерту: редакция тұрғын үй сатып алудың түрлі нұсқаларын ұсынатын барлық құрылыс компаниясы заңнан тыс әрекет етеді деп мәлімдемейді. Құрылыс салушылардың сату құралдарын кеңейтуге құқығы бар. Сарапшылар нақты компаниялардың емес, жалпы сатып алу форматтарына қатысты ұсыныстарға түсініктеме береді. Материал қазақстандықтарға мұндай мәмілелер кезінде өзін қалай қорғауға болатынын түсіндіру үшін тек ақпараттық мақсатта дайындалды.
2026 жылғы тұрғын үй нарығында не болып жатыр?
Ресми деректерге сүйенсек, құрылыс нарығындағы жағдай жаман емес сияқты, сала өсіп келеді, дейді Qaz Expert Club-тың құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшысы Диляра Сейітнұрова. Алайда статистикалық талдау нарықтың қай тұста тұралап қалғанын көрсетеді.

"Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі былтырғымен салыстырғанда 15,2 пайызға өскен. Бірақ бұл өсімнің не есебінен болғанына қарасақ, жағдай өзгереді. Негізгі үлес ғимараттарды салу және жөндеу жұмыстары бойынша, олар 22,5 пайызға артқан. Бұл - жолдар, инженерлік желілер, инфрақұрылым. Мұнда тұрғын үй құрылысы басты драйвер емес", - дейді ол.

Жартыжылдық бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру де оң динамикада - плюс 6,7 пайыз. Құрылыс салушылар 8,47 миллион шаршы метрді тұрғызды.

"Бірақ тұрғын үйді пайдалануға беру - бұл кешіктірілген көрсеткіш екенін түсіну керек. Бүгін пайдалануға беріліп жатқан үй екі-үш жыл бұрын, яғни "7-20-25" бағдарламасы жұмыс істеп тұрғанда, зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі болғанда және коммерциялық ипотека тиімді пайызбен берілген кезде салына бастаған. Яғни, бүгінгі қолданысқа беру көрсеткіші, мәнінде, кешегі күннің сұранысын көрсетеді", - деп түсіндірді Диляра Сейтнұрова.

Сұхбат берушінің айтуынша, сатылым туралы айтатын болсақ, олар былтырғымен салыстырғанда 20-25 пайызға төмендеген.
Тұрғын үйге деген сұранысты не тежеді?
Диляра Сейтнұрованың пікірінше, бұған бірнеше себеп бар және олар бір-бірімен байланысты. Біріншісі - коммерциялық ипотеканың қолжетімсіздігі. Қазір ірі қалаларда мұндай қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыз болады. Мұндай жағдайда пәтерге несие алу көптеген отбасы үшін мүмкін емес.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетіп, шілдеде оны 16,75 пайызға дейін түсірді, бірақ бұл әлі де жоғары. Инфляция тоғызыншы ай қатарынан баяулап, маусымда 10,3 пайыз болды. Алайда ипотека жанданатын деңгейге дейін әлі алыс", - деп есептейді сарапшы.

Екінші сәт - жыл басынан бері шаршы метр құнының қымбаттауы. Бұл көбінесе 2026 жылдың қаңтарынан бастап "бастапқы тұрғын үйге" 16 пайыздық мөлшерлемемен қосылған құн салығы (ҚҚС) салына бастауына байланысты. Бұған дейін ол нөлдік болатын.
Тұрғын үй нарығы тоқтап қалды. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Спикердің айтуынша, көптеген құрылыс салушы бұл салықты бағаға қосып жіберген, нәтижесінде жаңа құрылыстар орта есеппен 10-12 пайызға қымбаттаған. Соның салдарынан жаңа және ескі қордағы пәтерлердің құны арасындағы алшақтық өсе түсті.

"Үшінші себеп - бұрынғы драйверлердің сарқылуы. "7-20-25" бағдарламасы өз мүмкіндігін тауысты деуге болады. Зейнетақы жинағын алу шегі көтерілді, соның салдарынан сатып алушылардың бір бөлігі бұл қаражатқа қол жеткізе алмай қалды. 2024 жылға дейін жеңілдетілген ипотека алып үлгергендер ешқандай қадам жасамай отыр. Тұрғын үй айырбастау нарығы іс жүзінде тоқтап қалды", - дейді Диляра Сейітнұрова.

Қазіргі нақты мәмілелер "Наурыз", "Отау", "Алматы жастары" мемлекеттік бағдарламалары мен "Отбасы банкі" өнімдеріне негізделген. Бірақ бұл бағдарламаларға қатысушылар саны қаржыландыру көлеміне қарағанда әлдеқайда жылдам өсіп жатыр.

"Нәтижесінде кезек ұзарып жатыр. "Алматы жастары" бойынша нақты күту уақыты қазірдің өзінде бір жарымнан үш жылға дейін жетеді", - деді сарапшы.

Ипотека тежеліп, нарықта басқа нұсқалар болмаған кезде, құрылыс салушы салынған үйлермен қалады. Осыдан барып жеке ынталандыру құралдарының көбеюі туындайды.
Trade-In арқылы пәтер алу - құрылыс салушының мәжбүрлі шарасы ма?
Осындай нұсқаны алматылық девелоперлердің бірі ұсынып отыр. Компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған жазбалардың бірінде сатып алушылар үшін Trade-In бағдарламасы қолжетімді екені айтылған. Өз жылжымайтын мүлкіңізді немесе автокөлігіңізді жаңа пәтерге айырбастауға болады. Мүліктің алдын ала бағалауын девелопер жүргізеді.
Trade-In бойынша пәтер сатып алу туралы хабарландыру. Құрылыс компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасынан скриншот
Біз көрсетілген нөмірге қоңырау шалдық. Бізге Trade-In бағдарламасы бойынша клиенттің көлігін де, пәтерін де қабылдай алатындарын қысқаша түсіндірді. Егер олардың құны жаңа тұрғын үйдің бағасын жабуға жетпесе, қалған сомаға бөліп төлеу немесе ипотека ресімдеуге болады.
Көпқабатты кешендердегі болашақ баспана үшін Trade-In түріндегі төлемді алматылық тағы бір құрылыс салушы енгізді.
Trade-In бойынша пәтер сатып алу туралы хабарландыру. Құрылыс компаниясының ресми парақшасынан скриншот
Компанияның ресми парақшасында мынадай алгоритм көрсетілген:

Пәтер бағаланады.
Егер клиент бағалаумен келіссе, онда нысан сатуға шығарылады. Бұл процедурамен компания мамандары айналысады.
Нысан өткізілгеннен кейін сатып алу-сату шарты ресімделеді.
Сатып алушыға кепілпұл қайтарылады.


"Құрылыс салушы ескі жылжымайтын мүлікті немесе автомобильді бастапқы жарна немесе толық төлем ретінде қабылдауды ұсынатын мұндай Тrade-In сауда нұсқалары іс жүзінде тек Алматыда ғана емес. Мұндай формат еліміздің өзге өңірлерінде де ұсыныла бастады, бірақ бұл әзірге сирек кездесетін жағдайлар. Алайда бұл жүйе аясында сатып алушыдан көбіне өтімді пәтерлер, яғни салынған жылы белгілі бір мерзімнен төмен емес баспаналар қарастырылады", - деп түсіндірді Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

Нарықта мұндай ұсыныстардың пайда болуы құрылыс салушылардың мәмілені жабу үшін біреудің "қайталама нарықтағы" үйін өз мойнына алуға дайын екенін білдіруі мүмкін, деп қосты Диляра Сейтнұрова. Демек, қазір тікелей сату оңай емес. Яғни, компаниялар риелтордың жұмысын және нарықтық тәуекелдің бір бөлігін өздеріне алады. Бұған дейін мұның бәрі сатып алушының міндеті болатын, өйткені баспанаға деген сұраныс ұсыныстан асып түсетін.

"Мұндай форматтардың пайда болуы бір ғана нәрсені білдіреді: сатушының дәуірі аяқталып, сатып алушының нарығы басталды. Енді шарттарды шаршы метрі бар адам емес, ақшасы бар адам белгілейді. Сатып алушы үшін бұл саудаласуға мүмкіндік. Ал құрылыс салушы үшін бұл амалсыз жасалған қадам", - деді ол.

Тrade-In жағдайында ол түпкілікті есеп-қисапты мұқият жүргізуге кеңес береді. Иә, алмасу ыңғайлы, уақытты үнемдейді, бірақ ол қаражатты үнемдей ме? Ең бастысы, құрылыс салушы сіздің пәтеріңізді нарықтың ең төменгі шегімен сатып алып, ал жаңасын қолма-қол ақшаға қарағанда қымбатқа сатпауы керек. Сондықтан бәрін алдын ала есептеп алған жөн.
Баспананы Тrade-In бойынша жаңасына айырбастау: мәмілелердің заңдылығы мен тәуекелдері
Бартер элементтері бар сауда салыстырмалы түрде қауіпсіз және тиімді әдіс, деді заңгер Фарит Айтбагин.

"Мұнда үлескерлердің ақшасын тарту мәселесі жоқ, демек, Азаматтық кодекстің сатып алу-сату және айырбастау туралы жалпы нормалары қолданылады. Көлік немесе пәтер түріндегі ескі актив сатылады немесе айырбасталады, ал жаңа нысан меншік құқығының өтуі тіркелген сатып алу-сату шарты бойынша иеліктен шығарылады. Мұндағы тәуекелдер үлескерлердегідей емес, жылжымайтын мүлік мәмілелеріне тән стандартты сипатта болады", - деп түсіндірді Фарит Айтбагин.

Бірақ бұл жерде мәмілені ресімдеу бойынша егжей-тегжейді ескеру маңызды. Фарит Айтбагин ерекше назар аудару керек негізгі тұстарды атап өтті.
Тrade-In бойынша активті бағалау
Бағалауды тәуелсіз сарапшы жүргізгені дұрыс. Егер бұнымен компания өкілі айналысса, онда екі түрлі тәуекел бар:

бұл салада лицензиясы жоқ маман;
сіздің активіңіз нарықтағыдан төмен бағамен есептеледі.

Пәтер мен көліктің нақты құнын білу үшін лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушының қызметіне жүгінуге болады. Нәтижеге сүйене отырып, құрылыс салушымен саудаласуға болады. Егер компания ұсынған баға сізді қанағаттандырса, қосымша процедуралардың қажеті жоқ - қос тарап мәміле сомасын өз еріктерімен белгілей алады.

"Шартта есепке алу сомасын нақты цифрмен бекіту керек. Мысалы, жаңа пәтердің бағасы 50 миллион теңге деп белгіленеді. Автокөлік келісілген баға бойынша, айталық, сегіз миллион теңгеге есептеледі. Қалған сома қолма-қол ақшамен, бөліп төлеу немесе ипотека арқылы төленеді. Бекітілген есепке алу сомасы - бұл бағалау есебіне сілтеме емес, келісімшарттағы нақты цифр. Өйткені есептегі бағаны кейін өзгертіп жіберуі мүмкін", - деп ескертті Фарит Айтбагин.

Сондай-ақ бағалаудың қолданылу мерзімін көрсету маңызды. Мысалы: есепке алу бағасы 30 миллион теңге, 2026 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды. Әйтпесе, нарық құлдырап жатқан кезде жосықсыз құрылыс салушы активтерді өткен күнмен қайта бағалап жіберуі мүмкін.
Бартер бойынша пәтер сатып алу: мәмілелердің заңдық байланысы
Қолда бар мүлікті сату мен жаңасын сатып алудың өзара қалай байланысатынын түсіндіріп өткен артық болмайды. Айталық, мәміле нысандары мыналар:

сатып алушының иелігіндегі автокөлік пен пәтер;
сатып алынатын жылжымайтын мүлік.

Мәмілені қосымша ақысы бар айырбас ретінде (ҚР Азаматтық кодексінің 26-тарауы, ерекше бөлім) немесе есепке алу арқылы жасалатын екі қарсы сатып алу-сату мәмілесі (ҚР Азаматтық кодексінің 370-бабы) ретінде жүргізуге болады. Бірақ жаңа пәтерді алмай тұрып, өз мүлкіңізді қайта рәсімдемеу маңызды. Мәмілелерді бір күнде жасаған дұрыс.

"Мысалы, сіз көлігіңіз бен пәтеріңізді қайта рәсімдедіңіз, ал жаңа пәтер сізге берілмеді. Бұл мәмілелер негізгі мәмілемен байланыссыз жүзеге асып кеткен. Келісімшартта егер жаңа пәтер берілмесе, онда мәміленің толығымен күші жойылатыны, ал активтер қайтарылатыны туралы тармақты көрсетуге болады. Егер олар сатылып кетсе, онда олардың құны сатып алушыға өтелуі тиіс, оған қоса тұрақсыздық айыбы төленеді", - деп кеңес берді Фарит Айтбагин.

Trade-In бойынша айырмашылықты төлеу тәртібі
Құжатта, егер сатып алушының активтері жаңа пәтерден арзан болса, қалған соманы қандай нысанда беретінін көрсету маңызды: қолма-қол ақшасыз аударым, бөліп төлеу немесе ипотека.

"Тек "есепке алғаннан кейінгі қалдық" деп қана қоймай, нақты соманы санмен көрсету керек. Егер сіз қалған соманы бөліп төлеу форматында берсеңіз, онда күндері көрсетілген кестені де бекіту қажет", - деп ұсынды Фарит Айтбагин.

Тараптардың мерзімді өткізіп алғаны үшін жауапкершілігі
Екі тарап үшін де ықтимал айыппұлдарды көрсету маңызды: төлемді кешіктірген сатып алушы үшін де, пәтерді өткізуді созған құрылыс салушы үшін де.
Салынып жатқан үйден Trade-In бойынша пәтер сатып алу
Егер Trade-In арқылы салынып жатқан нысаннан пәтер сатып алу ұсынылса, бұл жағдай күрделірек.
Жылжымайтын мүлік. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Үйдің іргетасын құю сатысынан бастап үлескерлер қаражатын тартатын құрылыс салушыларға қойылатын талаптар бөлек.
Компания салынып жатқан тұрғын үйді сатуға рұқсатты келесі жағдайларда ала алады:

Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚТК) кепілдігі болса;
жобаға екінші деңгейлі банктің қатысуы және қолдауы болса;
әкімдіктің үлескерлер қаражатын тартуға берген рұқсаты болса. Оны компания өз қаражаты есебінен ғимараттың қаңқасын тұрғызғанда немесе банктік қаржыландыруы болған жағдайда ала алады.


"Құрылыс кезеңінде тек үлестік қатысу шарты (ҮҚШ) ғана заңды болып табылады. Басқа нұсқалар - брондау, резервтеу, ҮҚШ-сыз алдын ала келісімдер - мұның бәрі заң мойындамайтын және қорғамайтын схемалар. 2026 жылдан бастап тұрғын үйді сату ғана емес, үлестік қатысу шарты аясында жүзеге асырылмайтын нысандарды жарнамалауға да тыйым салынады", - деп ескертті Диляра Сейітнұрова.

Үлестік қатысу шарты міндетті түрде Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (Qazreestr порталының жүйесінде) тіркеледі. Осыдан кейін ғана банк төлемді қабылдап, өткізе алады. Бұл талаптардың барлығы, егер олардың саны 50-ден асса, аз қабатты нысандар кешеніне де қолданылады. Мысалы, бұл коттедж қалашығы форматы болуы мүмкін.

"Айталық, бұл клубтық үйлер және олардың саны 50-ден аз болса, онда олар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның талаптарына жатпайды. Бұл жағдайда баспананың бөліп төлеуге немесе Trade-In арқылы сатылғаны маңызды емес, өйткені келісімшарт нысаны кез келген түрде болуы мүмкін. Құрылыс салушының бұл нысанға ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы және жер учаскесіне құжаттары болуы тиіс. Сондай-ақ сатып алушы сәулет органдарының құрылысқа рұқсат берген-бермегенін түсіну үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама талонын сұрата алады", - деп толықтырды Виктор Микрюков.

Қалған жобаларға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң қолданылады. Олардан сол Trade-In форматы бойынша пәтер сатып алу тек ҮҚШ аясында ғана жүзеге асырылуы тиіс.

"Үлескерлердің ақшасын тек ҮҚШ (Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты) бойынша тарту талабы бөліп төлеуді де, Trade-In жүйесін де жоққа шығармайды, ол тек мәміленің нысанын анықтайды. Trade-In - бұл ескі актив ақшаға айналдырылып, үлес ақысын төлеуге бағытталатын төлем тәсілі. Бірақ бұл үлестік қатысу шарты бойынша жүзеге асуы тиіс. Яғни, салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу кезіндегі заңды құрылым, оның қандай тәсілмен ұсынылғанына қарамастан, әрқашан бірдей - бұл құрылыс салушының рұқсаты немесе кепілдігі болған жағдайдағы үлестік қатысу шарты. Ал Trade-In форматы оның үстіне баға мен төлем тәртібінің шарты ретінде қосылады. Есіңізде болсын: Trade-In мәмілесін ҮҚШ аясынан шығарып, инвестициялық келісім немесе брондау ретінде ұсынса, бұл заңсыз болып саналады - сатып алушының ешқандай кепілдігі болмайды", - деді Фарит Айтбагин.

Тек ипотека емес - құрылыс салушыдан пәтерге бөліп төлеу
Бұл тұрғын үйді сатудың негізгі тәсілдерінің бірі. Көбінесе оны құрылыс салушылар Алматы мен Астананың салынып жатқан ТК-дегі пәтерлерді өткізу үшін ұсынады.

"Бұл схема ыңғайлы көрінеді: бастапқы жарна және қалған сома банксіз әрі пайызсыз бір-екі жыл ішінде төленеді. Бірақ бөліп төлеу арқылы алынатын пәтер әдетте жүз пайыз төлем жасағанға қарағанда 10-15 пайызға қымбат тұратынын ескеру қажет", - деді Диляра Сейітнұрова.

Құрылыс салушыдан пәтерді бөліп төлеуге алу: не нәрсеге ерекше назар аудару керек?
Егер мұндай тәсіл салынып жатқан нысанға қатысты қолданылса, онда мұнда да рәсімдеу кезінде дәл үлестік қатысу шарты қолданылуы қажет.

"Егер бөліп төлеу арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартынсыз (ҮҚШ) және рұқсатсыз, дәл сол алдын ала сатып алу-сату шарты, брондау шарты немесе инвестициялық келісім арқылы ақша тарту бүркемеленсе, бұл заңсыз болып саналады. Формальды түрде сатып алушы пәтердің толық құнын төлейді, бірақ заң жүзінде ол тек кезектегі орынға немесе оңай айналып өтуге болатын міндеттемеге ғана ие болады", - деп түсіндірді Фарит Айтбагин.

Сарапшылар сатып алушыларға мына жайттарға назар аударуға кеңес береді.

"Валютаға байланған бөліп төлеу мәселесінде өте сақ болыңыз. Кейбір келісімшарттарда мерзімі 12 айдан асса, бағаны доллар бағамы бойынша индекстеу қарастырылған. Бұл валюталық тәуекел сатып алушыға жүктелген дегенді білдіреді. Теңге әлсіресе, төлем де өседі", - деп ескертті Диляра Сейтнұрова.

Сондай-ақ ҚҚС (қосылған құн салығы) туралы тармақты мұқият оқыңыз. Кейде баға осы салықты есепке алмай көрсетілген келісімшарттар кездеседі.

"Бірақ салық режимі өзгерген жағдайда сатып алушы үстеме ақы төлеуге міндетті болады. 25 миллион теңгелік пәтер үшін бұл қосымша бірнеше миллион теңге деген сөз", - деп нақтылады ол.

Кейіннен сатып алу құқығымен жалдау және "ұзақ" бөліп төлеу: нарықта қандай нұсқалар пайда болуы мүмкін?
Сату құралдарының тізімінде мыналар бар:

құрылыс салушы тарапынан ұсынылатын 15 пайызға дейінгі тікелей жеңілдіктер;
пәтер жөндеуге берілетін бонустар;
банктермен серіктестік аясындағы субсидияланған мөлшерлемелер.


"Мұның бәрі - толық сомасы мен арзан несиесі жоқ сатып алушы үшін нарыққа кіру шегін төмендетудің әртүрлі жолдары", - деп түйіндеді Диляра Сейітнұрова.

Ол болашақта құрылыс салушылар ұсынатын құралдардың көбейетініне сенімді. Себебі оның пікірінше, алдағы жылы арзан ипотека қайтып оралмайды.

"Кейіннен сатып алу құқығымен жалдау жүйесі кеңейеді деп күтемін. Адам құрылыс салушыдан пәтер жалдайды, төлемнің бір бөлігі болашақ сатып алу есебіне кетеді. Алғашқы жарнасы жоқ отбасы үшін бұл - баспаналы болудың нақты мүмкіндігі", - деп болжайды ол.

Сондай-ақ бөліп төлеу мерзімінің үш-бес жылға дейін ұзаруы ықтимал. Шетелдік нарықтарда мұндай шарттар бұрыннан жұмыс істеп келеді. Отандық құрылыс компаниялары әзірге бір-екі жылмен шектеліп отыр, бірақ төлем қабілеті бар сатып алушы үшін бәсекелестік мерзімдердің ұзаруына түрткі болуы мүмкін.

"Банктермен бірлескен субсидияланған мөлшерлемелер дамиды: мұнда құрылыс салушы банкке айырмашылықты төлейді, ал сатып алушы алғашқы жылдары төмендетілген пайызға ие болады. Сонымен қатар жаңа мемлекеттік өнімдерді күтемін. Биыл тамызда "Ұмай" бағдарламасы іске қосылады. Әрбір мұндай бағдарлама өз сегментін уақытша жандандырады", - деп толықтырды спикер.

Жеңілдіктер мен бөліп төлеуді ұсынатын мұндай агрессивті маркетинг - адамдардың баспана сатып алуға қаражаты тапшы кездегі заңды процесс.

"Мен сату жағдайының теңесе бастағанын көріп отырмын және шамамен қазан айында тұрақты көріністі байқайтын шығармыз. Яғни, сауда азды-көпті қалыпқа келеді және сол бөліп төлеу тәсілдері де бірте-бірте келмеске кетуі мүмкін. Мұның бәрі - бір-біріне тәуелді процестер", - деп есептейді Виктор Микрюков.

Алайда Диляра Сейтнұрова нарық күрт құлдырамайтынына, бірақ жылдам қалпына да келмейтініне сенімді. Оның болжамы бойынша, алдағы бір-бір жарым жылда нарық мемлекеттік бағдарламалар мен құрылыс салушылардың тиімді ұсыныстары есебінен ұсталып тұрады.

"Коммерциялық ипотека базалық мөлшерлеме 12-14 пайыз төңірегіне түскенде ғана жанданады. Әзірге ол 16,75 деңгейінде - мақсатты межеден әлі алыс. Егер төмендеу қарқыны болжамнан жылдам болса, "бірінші нарық" 2027 жылы серпін алады. Егер инфляция күткеннен жоғары болып қалса, нарық бағдарламаларға тағы да ұзақ тәуелді болады, ал мемлекеттік банктерде аккредитациясы жоқ шағын құрылыс компанияларының бір бөлігі нарықтан кетеді", - дейді Диляра Сейтнұрова.

Бұл саланың дамуы тоқтап қалады дегенді білдірмейді - тек бағыты өзгереді. Өсім қазірдің өзінде инфрақұрылым мен ғимараттар салу жағына ауысып жатыр.

"Тұрғын үй жобаларына төзімділік қоры жетпейтін құрылыс компаниялары коммерциялық жылжымайтын мүлікке, әлеуметтік нысандарға және тозған тұрғын үй қорын реновациялауға бет бұрады. Ірі қалаларда бос жер дерлік қалмағандықтан, салынған кварталдарды редевелопменттеу балама емес, негізгі даму бағытына айналады", - деп түйіндеді Диляра Сейтнұрова.

Қалай болғанда да, сарапшылардың пікірінше, құрылыс салушылар баспана сатып алудың қандай нұсқаларын енгізіп, ұсынса да, сатып алушыға бұл мәмілелердің шарттарына мұқият қараған абзал.
Авторы: Елена Бахарева
Аударған: Дина Шәріпхан

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net