Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді
Федерация мәліметінше, Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жаңа маусым қарсаңында мәнерлеп сырғанаушылардың рейтингін жаңартты.
"Михаил Шайдоров 3918 ұпаймен 3-орынға көтерілді!" - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұл ретте Шайдоровтың рейтингтің алдыңғы нұсқасында нешінші орында болғаны нақтыланбаған.Әлемнің ең үздік 3 мәнерлеп сырғанаушысы
Илья Малинин (АҚШ) - 4590;
Юма Кагияма (Жапония) - 4123;
Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 3918.
Айта кетейік, әйелдер арасында үздік 15 спортшы қатарына қазақстандық Софья Самоделкина кірді – ол әлемдік рейтингте 13-орында тұр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
KFSU Figure Skating ⛸️ (@figureskating.kz) жариялаған жазба
Неге Шайдоров бірінші емес? Ол төрт жылдықтың басты додасында жеңіске жетті емес пе?
ISU әлемдік рейтингі ағымдағы нәтижелерді ғана емес, спортшылардың үш маусым бойы көрсеткен тұрақтылығын да көрсетеді. Сонымен қатар бұл рейтингте Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары бірдей – 1200 ұпаймен бағаланады.
Осылайша, өткен маусымда рейтинг көшбасшысы Илья Малинин мен Михаил Шайдоровтың жылдағы ең үздік нәтижесі бірдей, себебі америкалық спортшы Әлем чемпионатын жеңіп алды.
Бұдан бөлек, Малининнің Гран-при кезеңдеріндегі нәтижесі жақсырақ және алдыңғы маусым үшін ұпайы көп.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Mikhail Shaidorov (@mikhail_shaidorov) жарияланымы
Михаил Шайдоров - Қазақстанның тарихи чемпионы
Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылдың ақпанында Италияда өткен Олимпиадада жекелей сында мәнерлеп сырғанаудан алтын иеленген болатын. Бұған дейін мұндай деңгейдегі турнирде қазақстандықтардың ең жоғары жетістігі 2014 жылғы Ойындардағы Денис Теннің қола жүлдесі еді.
Бұл ретте қысқа бағдарламадан кейін ол бесінші орында болған, бірақ еркін бағдарламада басқалардан басым түсіп, алтынды жұлып алды.
Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан ірі турнир өтеді
Олимпиадада спорттың жаңа түрі болады: Шайдоров үшін жаңа медальға мүмкіндік пе?