Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Аналық инстинкт деген миф пе? Қазақстанда әйелдер ана болу кезінде қандай қиындықтарға тап болады?

Балалы болу көбіне әйел өмірінің табиғи бөлшегі саналады. Ол ана болуға еш қиындықсыз бел буып, жүкті болып, оны 9 ай көтеріп, босанып және жаңа рөлге бірден бейімделуі тиіс сияқты көрінеді. Бірақ бұл кезеңдердің әрқайсы қорқыныш, үрей, кінә сезімі, өз өміріне бақылауды жоғалту, кейде депрессия мен өлім туралы ойларға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар ана болудың психологиялық бағасы туралы әлі де жеткілікті айтылмай келеді.
Егер қоғамда "босанғаннан кейінгі депрессия" ұғымы азды-көпті қалыптасып, жаңа босанған әйелдердің жағдайына көбірек көңіл бөліне бастаса, қалған кезеңдер назардан тыс қалып жатады. Бірақ олардың әрқайсында әйелге психологиялық, ал кейде шұғыл көмек қажет болуы мүмкін.
Перинаталдық психология деген не, Қазақстанда бұл сала қалай жұмыс істейді және неге "аналық инстинкт" - миф екені туралы TengriHealth тілшісі перинаталдық психологпен сұхбаттасты.
Перинаталдық психологтар кім және олар неге қажет?
Астаналық перинаталдық психолог Марина Сырбу жақында Қазақстанда осы бағытта жұмыс істейтін барлық әріптесін бірігуге шақырып, кәсіби қоғамдастық құрды.
Ол перинаталдық психология туралы мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалайды. Ата-ана болуға дайындалып жүрген қазақстандықтар бала дүниеге келгеннен кейін туындауы мүмкін қиындықтар тек материалдық жағымен ғана шектелмейтінін түсінсе дейді.
Сырбудың пайымдауынша, жүктілік кезінде және босанғаннан кейін көптеген отбасыға психологиялық қолдау қажет, бұл тек әйелдерге ғана емес, ерлерге де қатысты. 
Десе де, бұл тақырыпты танымал етуді қалайтын әріптестер қатары көп болмайтынын ол жақсы түсінеді: әзірге бұл бағыт Қазақстанда аса танымал емес.
Марина Сырбудың есебінше, перинаталдық психологтар мамандардың жалпы санының екі-үш пайызынан аспайды.
Анықтама. Перинаталдық психология - жүктілікті жоспарлау, ұрықтану, баланы көтеру, босану және бала туғаннан кейінгі отбасылық бейімделумен байланысты психологиялық көмек бағыты. Мамандар мазасыздық, босанудан қорқу, бедеулік және ЭКҰ әдісімен емделу, түсік тастауды еңсеру, ата-ана рөлін қабылдау қиындықтары мен босанғаннан кейінгі эмоционалдық мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, психолог психиатриялық диагноз қоймайды және дәрі-дәрмек тағайындамайды. Клиникалық депрессия белгілері, психоз немесе өзіне немесе баласына зиян келтіру қаупі туындағанда психиатрдың немесе психотерапевттің көмегі қажет.

"Менің ойымша, мұның бір себебі - бұл өте тар мамандандыру: ол әйел өмірінің тек бала туумен байланысты белгілі бір кезеңін ғана қамтиды. Оның үстіне, бізде перинаталдық психологтарға жүгіну мәдениеті әлі қалыптаса қойған жоқ. Әйелдер көбіне медициналық көмек қажет болатын өте ауыр жағдайда ғана көмекке жүгінеді".
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Марина Сырбу
Перинаталдық психолог



Қанша отбасы перинаталдық психологтар көмегіне мұқтаж?
Жүктілікті жоспарлау мен бедеулікті емдеуден бастап, босануға дейінгі және одан кейінгі оңалтудың барлық кезеңіндегіі әйелдің психологиялық күйін қамтитын бірыңғай халықаралық статистика жоқ. Бұл кезеңдер әдетте бөлек-бөлек зерттеледі.
Алайда, қолда бар деректер мәселенің ауқымын көрсетеді, мысалы, ДДСҰ бағалауы бойынша, әрбір бесінші әйел жүктілік кезінде немесе бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде психикалық денсаулықтың бұзылуына тап болады.
Қазақстандағы UNICEF зерттеулері, мәселен, Семейде он қатысушының алтауынан босанғаннан кейінгі бірінші жыл ішінде депрессия белгілері анықталғанын көрсетеді. Алматыда жүргізілген бөлек зерттеу жүкті әйелдердің үштен бірінен астамында депрессия нышандарын тапқан. 
Марина Сырбудың айтуынша, әйелдер перинаталдық психологтарға тек босанғаннан кейін емес, шешім қабылдау кезеңінде де жүгінеді. "Жалпы балалы болу керек пе" деген сұрақпен немесе, керісінше, бала көтеруде қиындықтар туындағандықтан келеді.

"Қазір менің жұмысымның шамамен 70 пайызы айқын физиологиялық себептер болмаса да, жүкті бола алмай жүрген әйелдермен байланысты", - дейді спикер.

ЭКҰ хаттамасынан өту кезінде келетін клиенттер де аз емес. Сырбудың айтуынша, жасанды ұрықтандыру процедурасының барлық сатысынан өтетін отбасының жолы үрейге ұласады: гормондық терапия, эмбрионды көшіру, нәтижені күту - әр кезеңде әйел стресс жағдайында болады.

"Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін психика да, ағза да тозады, адам үмітін үзіп, өзіне және өз денесіне деген сенімін жоғалтады, ұят пен кінәні сезінеді. Бұл күймен жұмыс істеу керек, бірақ мұны бәрі бірдей сезіне бермейді", - деп түсіндіреді Марина Сырбу.

Отбасы мәселенің медициналық жағына, әйел мен оның болашақ баласының физикалық денсаулығына баса назар аударады. Сонымен қатар, оның ментальды жағдайы екінші планда қалады, бірақ кейде ол да маңызды рөл атқарады.
"Шаршау, ашулану және ана боллғанына әрдайым қуана бермеу  - бұл қалыпты жағдай"
Психолог баланың дүниеге келуіне дайындық кезінде және ана болудың алғашқы айларында әйелдің бірнеше себептерге байланысты ерекше осал болатынын түсіндіреді:

гормоналды фон қайта құрылады;
психоэмоционалдық жүктеме артады;
әлеуметтік рөлі күрт өзгереді, тіпті бала бірінші болмаса да, жауапкершілік пен мазасыздық күшейеді.

Бұл кезеңде айналасындағылар мен отбасының рөлі орасан зор. Әдетте, дәл жақындары әйелге қолдау көрсетуі тиіс сияқты көрінетінімен, іс жүзінде бұлай бола бермейді.

"Көбінесе ең жақын адамдар көңілге қаяу салады. Менің тәжірибемде жас әйелдің жан күйзелісіне ұшырап, анасынан көмек сұрағанда: "Мені масқара қылма. Бәрі де туды, ешкім де сен сияқты жылаған жоқ", деген жауап естіген кездері болды. Бұл өте жиі кездесетін жағдай. Немесе күйеуі: "Менің анам бес бала туған - ештеңе де болған жоқ, ал сенде бірдеңе болса болды депрессия", дейді. Соның салдарынан әйел өзін одан сайын кінәлі сезініп, ұялады, бұл ақыр соңында депрессияға әкеп соғуы мүмкін", - деп психолог мысалдар келтірді.

Оның айтуынша, алғашқы жүктілік пен алғашқы босану ерекше ауыр психоэмоционалдық дағдарысқа айналуы мүмкін. Ана болуға дайындық кезінде әйелдің бойында бұрынғы әйелдік болмысымен қатар "мен - анамын" деген жаңа сәйкестік қалыптасады.
Осы рөлдердің арасында ішкі қайшылық туындайды: балаға күтім жасау қажеттілігі мен жеке мүдделері мен шекарасын сақтап қалу қажеттілігі бетпе-бет келеді.
Дегенмен, Марина Сырбу бұл қайшылықты қалыпты, тіпті қажетті деп санайды, өйткені ол шамадан тыс қамқорлықтан аулақ болуға және уақыт өте келе баланың өмірін анасының өмірінен бөлектеуге көмектеседі.
АҚШ-тағы "Ананың жағдайы жақсы ма?" атты әлеуметтік науқан назарды баладан әйелге аударуға шақырды, 2024 жыл

"Әйелге бала туғаннан кейін бұрынғы өмірін сағыну, шаршау, ашулану және ана болғанына әрдайым қуана бермеу қалыпты жағдай екенін білу маңызды. Бұл оның дайын болмағанын немесе баласын жақсы көрмейтінін білдірмейді. Көбінесе оған жай ғана демалыс пен қолдау қажет. Мұндай сезімдердің басқа аналарда да болатынын түсіну кінәлау сезімінен арылуға және осы қиын кезеңнен өтуге көмектеседі", - деді респондент.

Аналардың түйсігі болатыны рас па?
Әйелдердің жағдайын "аналық инстинкт" туралы кең тараған миф одан сайын ушықтыруы мүмкін. Бұл инстинкт әрбір әйелде болады және ол алдымен балалы болуды қалауға, ал бұл тілек орындалмаса, қайғыруға мәжбүр етеді деп есептеледі.
Ал кейін дүниеге келген баланы бірден жақсы көруге, оған қалай күтім жасау керектігін қателеспей түсінуге және жаңа рөлге қуануға көмектеседі-міс.

"Ана түйсігі бала туралы дайын білім ретінде өмірде жоқ - бұл миф. Тәжірибе мен бақылау арқылы біртіндеп қалыптасатын ата-аналық мінез-құлық бар. Бала жымиды, жылады немесе тыржиды - уақыт өте келе анасы бұның нені білдіретінін және оған қазір не қажет екенін түсінуді үйренеді", - дейді Сырбу.

Ғылым да туа сала әмбебап "аналық инстинкт" пайда болатынын растамайды.
Инстинкт деп тірі жан иесі орындамауға қақысы жоқ, генетикалық тұрғыдан бекітілген және санадан тыс жүретін мінез-құлық сценарийін атайды. Мысалы, аралардың бал ұясын салуы, ал құндыздардың бөгет тұрғызуы инстинктивті мінез-құлыққа жатады.
Адамның мінез-құлқы әлдеқайда күрделі: оған жеке тәжірибе, оқу-үйрену, денсаулық жағдайы, жақындарымен қарым-қатынас және әлеуметтік орта әсер етеді. Сондықтан балаға деген бауыр басу бірден пайда болмауы мүмкін, ал оған күтім жасау дағдылары мен қажеттіліктерін түсіну біртіндеп дамиды.
Бұл ретте босанғаннан кейін бірден шексіз махаббаттың немесе сенімділіктің болмауы әйелді нашар ана етпейді.

"Қоғам аналық инстинктің бар екеніне сенеді, сондықтан әйел бала туғаннан кейін оны бірден сезінбесе, өзін қатты кінәлай бастайды. Оған өзі нашар ана сияқты және өзінде бір кінә бар сияқты көрінеді. Бұл тебіреністер оның эмоционалдық жағдайын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін", - дейді маман.

Бала туғаннан кейінгі психологиялық мәселелер ерлерде де болуы мүмкін
Сарапшы мәселенің тағы бір қырына назар аударады. Аналық инстинкт туралы миф әйелдің кінәсін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар бала туу мен тәрбиелеуге қатысты барлық жауапкершілікті оның иығына артып қояды.
Сондықтан отбасының психологиялық жағдайына көңіл бөлінген күннің өзінде, ол көбінесе тек анаға ғана бағытталады.

"Бала туғаннан кейін эмоционалдық қажу, бейімделу қиындықтары мен депрессиялық күйлерге ерлер де тап болуы мүмкін. Бұл туралы тіпті сирек айтылады. Күйеуі әрі әкесі мықты болуы керек, жыламауы және қорқынышын көрсетпеуі тиіс деген қоғамдық түсініктер оның өз толғаныстарын мойындауына және көмек сұрауына кедергі келтіреді", - деп тұжырымдайды психолог.

Сондықтан ол ерлермен де жұмыс істеуді іргелі маңызды деп санайды. Оның үстіне, әйелге осынау қиын кезеңде жанында болатын, іске араласатын серіктес өте қажет.
"Үнсіз босану" және қолдаусыз қалған әйелдер
Дегенмен перинаталдық психологтар үшін клиенттердің ең қиын санаты - жүктілігінен айырылып қалған әйелдер. Қоғам бұл қайғыға ортақтасуға әрдайым дайын бола бермейді, сондықтан оның күйзелісі көбіне еленбей қалады.
Психологтың бақылауынша, отбасылар үшін "үнсіз босану", яғни әйелдің өлі баланы дүниеге әкелуі ерекше ауыр тиеді.
Бұл өте ауыр қаза, бірақ мұндай қасіретке тап болған әйелдер де қайғыны еңсеру үшін психолог көмегіне мұқтаж екенін әрдайым түсіне бермейді.

"Түсік тастағаннан, дамымай қалған жүктіліктен немесе медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті тоқтатқаннан кейін әйел дәрігерден: "Ештеңе етпейді, ол әлі бала емес қой", "Әлі жассың, туып аласың", "Балаңнан айырылғандай неге сонша жылайсың?" деген сөздерді естуі мүмкін", - дейді Сырбу.

Психологтың айтуынша, ешкім әйелді әдейі ренжіткісі келмейді - кейде адамдардың білімі немесе ішкі ресурсы жетіспейді, ал медицина қызметкерлері эмоционалды түрде шаршап-шағылған болуы мүмкін. Бірақ ана үшін - тестте екінші сызық пайда болған сәттен бастап ол оның баласы. Сондықтан жанындағы жандарға әйелдің бұл кезеңде қаншалықты күйзелетінін және сөз таңдауда қаншалықты абай болу керек екенін түсіндіру маңызды.
Аналардың тағы бір ерекше санаты - жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейін серігінің, кейде тіпті жақындарының қолдауынсыз қалған әйелдер. Оларға көмектесу үшін Марина Сырбу "Сен жалғыз емессің" атты әлеуметтік жоба құрды, онда психологтар мұндай клиенттермен тегін жұмыс істейді.
Ал бұл жоба мына оқиғадан кейін пайда болған:

"Бірде мен таныс жұпқа босануға тегін дайындық курсын ұсындым. Ондағы ер адам, менің бұрынғы әріптесім, онкологиялық аурумен күресіп жүрген еді. Өкінішке орай, оны аман алып қалу мүмкін болмады, әйелі кішкентай баласымен жалғыз қалды. Сол кезде мен қаншама әйелдің осындай қолдауға мұқтаж екенін, бірақ ақысын төлей алмайтынын ойлап, осы жобаны қолға алдым".

Әңгіме соңында Марина Сырбу мазасыздық, босанудан қорқу, түсік тастау кезіндегі күйзеліс және босанғаннан кейінгі эмоционалдық "құбылмалылық" - бұл ата-аналық жаңа рөлді қабылдаудағы қиындықтар екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Бұдан ұялуға, бұны жоққа шығаруға немесе мүлдем елеусіз қалдыруға болмайды. Ең болмағанда, мәселенің бар екенін өзіңе мойындап, көмек сұраудан қымсынбау маңызды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың шілдесінде Үкімет 2027–2030 жылдарға арналған менталдық денсаулықты сақтаудың кешенді жоспарын мақұлдады. Қазақстан салдарды емдеуден гөрі, ауытқулардың алдын алуға және ерте анықтауға көшуді көздеп отыр.
Жоспарда психикалық денсаулық мамандарын емханалардың жұмысына біріктіру, пациенттер маршрутын цифрландыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, кадрлар даярлау және инфрақұрылымды жаңарту қарастырылған.
Осылайша, психологиялық әл-ауқат бірте-бірте мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігіне айналып жатыр, ал көмек адам дағдарысқа ұшырағанға дейін қолжетімді болуы тиіс.
Авторы: Лилия Гайсина
Аударған: Дина Шәріпхан

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net