Алматыда автобустар мен троллейбустардың қозғалыс сызбасы бір күнге өзгереді
Алматыда 14 тамызда қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл Орталық стадионда өтетін америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты, деп хабарлайды Tengri Auto.Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының ақпаратынша, өзгерістер мына уақыт аралығында күшінде болады: сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін.
Бұл кезеңде № 3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211 және 224 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді.
Сондай-ақ өзгерістер № ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19 және ТП25 троллейбус бағыттарына да қатысты болады.
Шектеу кезінде қоғамдық көліктер уақытша айналып өту сызбалары бойынша қатынайды.
Автобустар мен троллейбустар қалай жүреді?№ 3, 57, 65, 90, 118
Батыс бағытында: Абай даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Абай даңғылы, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 18
Оңтүстік бағытында: Байтұрсынұлы көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов көшесі, Байзақов көшесі, Сәтбаев көшесі, Манас көшесі, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Байзақов көшесі, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, одан әрі сызба бойынша.№ 21
Батыс бағытында: Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Абай даңғылы, Желтоқсан көшесі.
Кері бағытта: Желтоқсан көшесі, Сәтбаев көшесі, одан әрі сызба бойынша.№ 25
Батыс бағытында: Байтұрсынұлы көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Абай даңғылы, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, одан әрі сызба бойынша.№ 30
Батыс бағытында: Сейфуллин даңғылы, Тимирязев көшесі, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Тимирязев көшесі, Желтоқсан көшесі, Абай даңғылы, Сейфуллин даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 34
Батыс бағытында: Сейфуллин даңғылы, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Абай даңғылы, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 44
Шығыс бағытында: Жандосов көшесі, Мұқанов көшесі, Шевченко көшесі.
Кері бағытта: Шевченко көшесі, Манас көшесі, одан әрі сызба бойынша.№ 62
Батыс бағытында: Сейфуллин даңғылы, Шевченко көшесі, Манас көшесі, Жандосов көшесі, "№ 12 қалалық аурухана".
Кері бағытта: "№ 12 қалалық аурухана", Жандосов көшесі, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 66
Батыс бағытында: Абай даңғылы, Желтоқсан көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов көшесі, Жандосов көшесі, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Жандосов көшесі, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 79
Батыс бағытында: Абай даңғылы, Желтоқсан көшесі, Тимирязев көшесі, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Тимирязев көшесі, Желтоқсан көшесі, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 92
Батыс бағытында: Желтоқсан көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Абай даңғылы, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Абай даңғылы, одан әрі сызба бойынша.№ 95, 121
Батыс бағытында: Сәтбаев көшесі, Желтоқсан көшесі, Тимирязев көшесі, Байзақов көшесі, Жандосов көшесі, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Жандосов көшесі, Манас көшесі, Тимирязев көшесі, Желтоқсан көшесі, Сәтбаев көшесі, одан әрі сызба бойынша.№ 98
Батыс бағытында: Абылай хан көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Жандосов көшесі, одан әрі сызба бойынша.
Кері бағытта: Жандосов көшесі, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Абылай хан даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.№ 120, 120А№ 120 батыс бағытта: Достық көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.№ 120А кері бағытта: Абай даңғылы, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Достық көшесі, әрі қарай сызба бойынша.№ 128
Батыс бағытта: Абай даңғылы, Желтоқсан көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов даңғылы, Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Абай даңғылы, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі, Масанчи көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.№ 130
Батыс бағытта: Шашкин көшесі, Тимирязев көшесі, Байзақов көшесі, Бұқар жырау көшесі, әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта: Бұқар жырау көшесі, Манас көшесі, Тимирязев көшесі, әрі қарай сызба бойынша.№ 209, 210, 224
Батыс бағытта: Байтұрсынұлы көшесі, Шевченко көшесі, Мұқанов көшесі, Жамбыл көшесі.
Кері бағытта: Жамбыл көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, әрі қарай сызба бойынша.№ 211
Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы, Абай даңғылы, Желтоқсан көшесі.
Кері бағытта: Желтоқсан көшесі, Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.
Троллейбустар№ ТП5
Тікелей бағытта: Абай даңғылы, Әуезов көшесі, Гоголь көшесі, Абылай хан даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.
Кері бағытта: Абылай хан даңғылы, Гоголь көшесі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.№ ТП6
Тікелей бағытта: Жандосов көшесі, Әуезов көшесі, Гоголь көшесі, Абылай хан даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.
Кері бағытта: Алматы-2, Абылай хан даңғылы, Гоголь көшесі, Әуезов көшесі, Сәтбаев көшесі, әрі қарай бағыт бойынша.№ ТП7
Тікелей бағытта: Тимирязев көшесі, Әуезов көшесі, Гоголь көшесі, Сейфуллин даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.
Кері бағытта: Сейфуллин даңғылы, Гоголь көшесі, Әуезов көшесі, Ғабдуллин көшесі, Манас көшесі, Тимирязев көшесі.№ ТП9, ТП19№ ТП9 тікелей бағытта: Тимирязев көшесі, Әуезов көшесі, Гоголь көшесі, Қалдаяқов көшесі, Жібек жолы даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.
Кері бағытта: Жібек жолы даңғылы, Пушкин көшесі, Гоголь көшесі, Әуезов көшесі, Тимирязев көшесі, әрі қарай бағыт бойынша.№ ТП19 тікелей бағытта: Абай даңғылы, Әуезов көшесі, Гоголь көшесі, Қалдаяқов көшесі, Жібек жолы даңғылы.
Кері бағытта: Жібек жолы даңғылы, Пушкин көшесі, Гоголь көшесі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.№ ТП25
Тікелей бағытта: Абай даңғылы, Әуезов көшесі, Гоголь көшесі, Орталық мәдениет және демалыс саябағы.
Кері бағытта: Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Гоголь көшесі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы, әрі қарай бағыт бойынша.
Алматы әкімдігі жолаушыларға жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және жолға кететін уақыттың ұзаруы мүмкін екенін ескеруді ұсынады.
Канье Уэст және Алматыдағы концерт
Ye есімімен де танымал Канье Уэст - америкалық рэпер, музыкалық продюсер, әндер авторы және дизайнер. Ол хип-хоп тарихындағы ең ықпалды орындаушылардың бірі болып саналады және "Грэмми" сыйлығының 24 дүркін иегері.
Америкалық рэпердің концерті 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Шоу 21:00-де басталады.
Тағы оқыңыз: Канье Уэст концерті өтетін күні Алматыда қай көшелер жабылады?.