Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Төле би “кедергіге“ толы: бұл туралы Алматы полициясы не дейді?

Алматы тұрғындары LRT желісі салынып жатқан Төле би көшесінің жай-күйіне шағымданды. Жүргізушілердің айтуынша, жолдың тарылуы салдарынан көптеген шұңқыр мен ойықтар пайда болған. Полиция бұл учаскеге кім жауапты екенін және заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін қандай шаралар қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тұрғындар шағымы
Tengrinews.kz редакциясына жазған Алматы тұрғындары Төле би көшесіне шағымданды. Олардың сөзінше, LRT құрылысына байланысты қозғалыс шектеліп, жолда пайда болған шұңқырларды ешкім жөндеуге асығар емес.

"Жол онсыз да жабық, қаншама жолақты алып қойды. Оның үстіне Төле бидің бойы толған шұңқыр, түнде олар тіпті көрінбейді. Көлік сілкініп жүреді. Шұңқырдың алдында не кілт тоқтауға, не жылдамдықты қатты азайтуға тура келеді, соның салдарынан қозғалыс баяулап, кептеліс пайда болады. Жөндеп жатса бір жөн, бұл шұңқырлардың тұрғанына бір айға жуықтады", – дейді оқырмандардың бірі.

Фото Tengrinews.kz
Фото Tengrinews.kz
Фото Tengrinews.kz
"Шұңқырлар 1-3 сағат ішінде жөнделеді"
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция осы учаскедегі жолдың жай-күйін тексеріп-тексермейтіні белгілі болды.
Патрульдік полиция қызмет барысында жолдардың жай-күйін тексеріп, шұңқырлар мен басқа да ақауларды анықтаған жағдайда ақпаратты жауапты қызметтерге жолдайтыны белгілі болды.

"Патрульдік полиция қызметкерлері өз бағыттарына шыққан кезде көше-жол желісіне тексеру жүргізеді. Ақаулар анықталған жағдайда ұсыныс жазамыз. Сонымен қатар, бұл жұмысты жедел атқару үшін бізде жұмыс чаттары бар, шұңқырлар мен ойықтар туралы мәліметтер сонда жіберіледі", – деді Алматы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай хабарламалардан кейін қалалық қызметтер ақауларды бір-үш сағаттың ішінде қалпына келтіреді.

"Біз тексеру жүргіземіз, нұсқамалар жазамыз. Орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартамыз", – деп толықтырды ол.

Tengrinews.kz редакциясы Төле би көшесіндегі шұңқырлардың қашан жөнделетінін білу үшін Алматы әкімдігіне де сауал жолдады. Материал жарияланған сәтке дейін жауап келген жоқ.
Алматыдағы LRT құрылысы
Бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралығында трамвай рельстерін демонтаждау басталды. Әкімдік бұл жұмыстар болашақ LRT желісінің құрылысына дайындықпен байланысты екенін хабарлады. 2015 жылы трамвай қозғалысы тоқтағаннан бері алынбаған рельстер алдағы LRT құрылысы процесін жеделдету үшін алынып жатыр.
2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
LRT құрылысы қашан аяқталады және ол қай жерден өтеді?
Бұған дейін қала әкімдігі бұрынғы трамвай бағыты бойынша ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы LRT желісі өтетінін хабарлаған болатын. Ол Алатау ауданының индустриялық аймағын Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады.
Бағыт Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, содан кейін Абылай хан даңғылы арқылы "Райымбек батыр" көлік-ауыстыру торабына дейін өтеді.

"Жобаланып жатқан LRT желісі "Дарабоз", "13", "Ғажайып", "Нұркент" шағынаудандарын, "Алатау сити", "Алмалы" тұрғын үй кешендерін қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын ұзындығы 18,3 шақырымдық екі жолақты трасса. Желі негізінен Момышұлы, Төле би көшелері мен Абылай хан даңғылындағы оқшауланған жолақпен өтеді", – делінген Алматыдағы LRT желісінің бірінші кезегі құрылысын қоғамдық талқылау құжатында.

Желіде 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: 12 аралдық және 22 жағалаулық үлгіде. Жолтабан ені 1435 миллиметр.

Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 жағалаулық бекет орналасады.
Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 жағалаулық бекет қарастырылған.
Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 жағалаулық бекет пайда болады.

Құрылыс 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізіледі.
Құрылысты кім қаржыландырады?
LRT желісінің құрылысын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланған.
Басқарма мәліметінше, жобаның жалпы бюджеті жобалау аяқталып, құрылыстың сметалық құны есептелгеннен кейін анықталады.
LRT-мен жүру құны және ол неге байланысты болады?
Қазіргі кезеңде жолақы құны белгісіз. Бұған дейін басқарма тариф әртүрлі факторға: мемлекеттік реттеуге, субсидиялар көлеміне және тасымалдаушының операциялық шығындарына байланысты болатынын нақтылаған еді.
LRT жүйесі BRT және метромен байланыстырылуы мүмкін
Алматы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы LRT оқшауланған жүйе болмайтынын атап өтті. Ол Алматының біріңғай көлік жүйесінің бір бөлігі ретінде жобаланып жатыр.

"Мақсат – жолаушының тез әрі ыңғайлы ауысып мінуіне және жүйені біртұтас желі ретінде қабылдауына жағдай жасау. Болашақта LRT батыс және шығыс көлік-ауыстыру тораптарын байланыстырады, онда метрополитен, BRT, такси, сондай-ақ қалалық және қала маңындағы автобус бағыттары, қалааралық автобус рейстері біріктіріледі", - деп түсіндірді ведомство.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Алматыда қаланы 2040 жылға дейін дамытудың Бас жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Сол кезде "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов LRT желісі "Барлық" бекетінен бастап Төле би көшесімен Алматы-2 вокзалына дейін, одан әрі Абылай хан даңғылымен Шығыс қақпасына қарай өтетінін айтқан еді.
Садуов құрылысты жеделдету үшін EPC-келісімшарт жасасу мүмкіндігін атап өтті (бұл жағдайда мердігер нысанды жобалауға да, құрылысына да жауапкершілікті өз мойнына алады).



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net