Әлем чемпионатының үздік ойыншысы “Реал“ мен “Барселона“ арасында таңдау жасады
"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы және 2026 жылғы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған Испания құрамасының капитаны Родри болашақ клубын анықтады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Испаниялықтардың Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін Родри үшін екі алпауыт клуб арасында трансферлік бәсеке басталды. Мадридтік "Реал" бірінші болып "Манчестер Ситимен" байланысқа шығып, 50 миллион еуро және бонустар ұсынуға дайын болды.
Флорентино Перес пен Жозе Моуринью тірек аймағын күшейтуді көздеп, келісімді мақұлдаған еді.
????⚪️ "Реал Мадрид" Родри бойынша "Манчестер Ситиге" алғаш рет ұсыныс тастады.Келіссөздер клубтар арасындағы ауызша талқылаулардан басталды.Бірнеше айға созылған үзілістен кейін Флорентино Перес мәмілеге рұқсатын берді."Реал" 50 миллион еуродан астам қаражат жұмсауға дайын екенін білдірді.pic.twitter.com/mf8HNldbcZ
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) July 29, 2026
Алайда тамыздың басында жағдай күрт өзгерді. Родридің агенті Пабло Баркеро ойыншы "Барселонаға" ауысу туралы шешімін "Реал" басшылығына құрмет ретінде өзі хабарлағанын мәлімдеді.
Мәліметтерге қарағанда, каталониялық клуб бастаманы өз қолына алып, төрт жылдық келісімшарт ұсынуға дайын отыр.
???????????? ШҰҒЫЛ: Родридің агенті оның "Реал Мадридтің" орнына "Барселонаны" таңдағанын растады."Мадридке деген құрмет ретінде, олар өздерін өте кәсіби ұстағандықтан, Родри "Барсаға" қосылу туралы шешімін оларға хабарлады", — деп агент Баркероның сөзін @ellarguero жеткізді. @ellarguero.Жеке шарттар 100% келісілді. ???????????????? pic.twitter.com/JIwONCN8lC
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) 7 тамыз, 2026 жыл
Дереккөз мәліметінше, "көк-анар түстілерді" таңдауға Ханси Фликтің ойын стилі, ұлттық құрамадағы серіктестерімен қайта қауышу мүмкіндігі және жайлы бейімделу негізгі себеп болған.
Флик футболшыға өзі телефон шалып, оны жобаның маңыздылығына сендірген. Родри Каталонияда шеберлігі Мадридке қарағанда жақсырақ ашылады деп есептейтін көрінеді.
???? ШҰҒЫЛ: Ханси Флик Родриге жеке өзі хабарласып, "Барселона" жобасын түсіндірді және оны клубқа қосылуға көндіруге тырысты.Бұл қоңырау жағдайды өзгертті: "Реал Мадрид" шешуші қадамдар жасай алмаған соң, Родри қазір "Барселонаға" ауысуға дайын.Барселона… pic.twitter.com/eIneErwCyb
— The Touchline | ???? (@TouchlineX) 6 тамыз, 2026 жыл
Родридің "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, сондықтан трансфер үшін соманы келісу қажет болады. "Барселона" мен ағылшындар арасындағы келіссөз басталып кетті.
???????????? "Барселона" Родридің агентіне келісімшарт ұсынысын жібергеннен кейін, ойыншымен жеке шарттар бойынша толық келісімге келді.Енді трансфер құнын нақтылап, мәмілені тезірек аяқтау үшін "Ман Ситимен" клубтар арасындағы келіссөздер жүргізіледі.????➕ https://t.co/qAhLqKiRBL pic.twitter.com/b5wwycM1hF
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) 6 тамыз, 2026 жыл
Родри ӘЧ-2026 үздік ойыншысы атанды
Испания құрамасы финалда Аргентинаны жеңгеннен кейін, "қызыл фурияның" капитаны Родри турнирдің үздік футболшысы жүлдесін иеленді.
"Манчестер Ситидің" тірек жартылай қорғаушысы Испания құрамасының нағыз дирижері болды. Ол 8 матчке қатысып, алаңда 726 минут өткізді, бір ӘЧ-дегі дәл пастар саны бойынша рекорд орнатты (дәлдік көрсеткіші 94 пайыз) және алаң ортасында сенімді ойын көрсетті (65 жеңісті жекпе-жек, 13 допты тартып алу, 10 тосқауыл қою).
Испания бүкіл турнир барысында небәрі бір гол жіберіп алды, бұл қорғаныс шебінің мықтылығына Родридің қосқан үлесі зор.
Родри adidas "Алтын добын" иеленді ????@adidasfootball pic.twitter.com/duxTkrH5Bd
— FIFA World Cup (@FIFAWorldCup) 20 шілде, 2026 жыл
“Реал“ ӘЧ-2026 үздік ойыншысының трансферлік құнын жариялады