Жасанды интеллект – адамзат дамуының жаңа кезеңі
ХХ және ХХІ ғасырлар адамзат тарихындағы ең ірі ғылыми-техникалық серпілістер кезеңі болды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында болған екі дүниежүзілік соғыс қару-жарақ технологиясының дамуына ықпал етсе, соғыстан кейінгі кезеңде ғылыми-техникалық революция жаңа бағытта қарқын алды. Бұл үдеріс бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Соның ең маңызды жетістіктерінің бірі – жасанды интеллект.
Жасанды интеллекттің (ЖИ) негізі 1956 жылы қаланды. Бүгінде ол адам өмірінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады: тұрмыста, медицинада, білім беру жүйесінде, саясатта және медиада. Демек, ЖИ қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналып отыр. Ол тек технологиялық құрал ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмір салтына, ойлау жүйесіне және мемлекеттердің даму стратегиясына ықпал...