Қызылорда облысында балабақша ел игілігіне берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылы басталғанда Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылындағы жергілікті бюджеттен қайта жаңғыртылған «Гүлдер» балабақшасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ескі әкімшілік 60 орындық бөбекжайға қайта жаңғыртылған ғимараттың ашылуында аудандық мәслихат хатшысы Б.Маншарипов құттықтау сөз сөйледі.