Еркежан Күнтуған Президент Телерадиокешені директорының орынбасары болып тағайындалды
Jibek Joly телеарнасының бұрынғы директоры Еркежан Күнтуған Қазақстан Президенті Телерадиокешені директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еркежан Күнтуған бұған дейін Телерадиокешен құрылымында креативті директор қызметін атқарған. Сондай-ақ ол Atameken Business арнасында атқарушы продюсер және "Евразия" телеарнасында креативті продюсер болып жұмыс істеген.
Президент Телерадиокешені директорының орынбасары ретінде ол кешен қызметінің негізгі бағыттарын үйлестіруге - теледидарлық контентті, ақпараттық және шығармашылық жобаларды дамытуға, сонымен қатар өндірістік процестерді жетілдіруге қатысатын болады.
Тағы оқыңыздар: Ләззат Танысбай “Хабар“ агенттігіне басшы болды