«Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі (ІV нұсқа)
Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қаракесек-Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді. Сонда сол аста «ішкен мас, жеген тоқ» ерігіп тұрған шаншардың желбастары аңыз қылысты дейді:
— Басындағы бөркін біреу қағып түсірсе, хан хандық қылып, қандай қаһар қылар еді? — дескенде, қаз дауысты Қазыбектің інісі — «мөр таңдайлы Балапан»:
— Оны құр айтып қойғанша, көру керек, — деп артынан барып, аңдаусыз, абайсыз тұрғанда, ханның басындағы бөркін шыбықпен қағып, жерге түсіріпті.
Хан қаһар да қылған жоқ, дәнеме деген жоқ:
— Бүгін «ішкен мас, жеген тоқ», кімде ес бар дейсің? — деп хандық қылды, — жерге түскен бөрікті...