Елбасының қан материалынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқаны – фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалынан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленіп жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы coronavirus2020 Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.