26 қаңтарда Орал тұрғыны Бекболат Өтепов қаладағы орталық алаңға шығып, Ресейде қамауда отырған оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйды және Хабаровск өлкесінің бұрынғы губернаторы Сергей Фургалды босатуды талап етті.
Түс ауа қала әкімдігінің алдындағы Абай алаңына шыққан Өтепов "Навальный мен Фургалға бостандық" деп жазылған плакат көтерді.
— Ресей халқына қолдау көрсетіп, Навальный мен Фургалды босатуды талап етуге шықтым, себебі олар Ресей азаматтарының құқығы үшін күресіп жатыр. Ресейде не болып жатқанын көріп отырмын... Читать дальше...