Маңғыстауда 80 жастағы батыр ана өрмек тоқу өнерін қайта жаңғыртып отыр
ТҰЩЫҚҰДЫҚ. ҚазАқпарат - Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында тұратын 80 жастағы Дәмелі Мұқанова әлі күнге дейін өрмек тоқып, көзілдіріксіз кітап оқиды. Ол ұлтымыздың қазынасы саналатын бау-басқұр мен 6 қанатты киіз үйдің жабдықтарын әлі күнге өзі дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.