1 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысында газдың бағасы 6,6 пайызға қымбаттады. Бұл жайында Азаттыққа облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті хабарлады.
Энергетика министрлігінің 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы бұйрығына сәйкес, бір тонна газдың шектік бағасы қосымшы құн салығын есептемегенде 38 701 теңгеге көтерілген. Бұл – бұрынғы бағадан 10 пайызға қымбат. Осыған орай облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз етіп отырған «Горгаз-Сервис» компаниясы газ бағасын көтеруді сұраған. Читать дальше...