12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 ақпан күні республиканың солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман мен желдің күшеюі болжанады, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.