Сот төрелігі академиясы магистранттарының төрттен бірі судьялыққа лайықсыз – Қайрат Мәми
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот төрелігі академиясының магистратурасын бітірген 2 түлек қорытынды мемлекеттік аттестациядан өте алмаған. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.