Қылқан жапырақтардың бұтақта ұзақ сақталуының сыры неде?
Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді — деу дұрыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады. Терек, қайың және т.б ағаштар жапырақтарын жылда түгел түсіретіндіктен сыйдиып бұтақтары ғана қалады. Қылқан жапырақтар түгел түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып тұрады. Бұған қарағайлы шыршалы ормандарды аралағанда әр ағаштың түбінде үйіліп жатқан қураған ине тәрізді жапырақтардың болуы дәлел.
Қылқан жапырақтылардың ішінде жапырақтарын жылда түсіретін түрлері де кездеседі. Оған балқарағай (лиственница) жатады.
Ашық тұқымдылардың жапырақтары «қылқан» және «қабыршақ» дәл аталады. Көлденеңінен қарағанда жапырағының ұзындығы әлдеқайда...