Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығын сот-медициналық сараптама мамандары тексереді. 2019 жылы Кой-Ташта болған оқиға бойынша істі қарап жатқан судья сондай шешім шығарған.
Сот шешімін Қырғызстан социал-демократиялық партиясының өкілі, іске қатысушылардың бірі Кундуз Жолдубаева хабарлады. Бұл партияны бұрын Атамбаев басқарған. Партия өкілінің сөзіне қарағанда, Кой-Таштағы оқиға бойынша іс сараптама нәтижесі дайын болғанға дейін тоқтатылған.
Қазір бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев колонияда отыр. Читать дальше...