Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
![Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_342427/thumb_b/photo_103728.jpeg)
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Дархан Қыдырәлі осыған дейін Түркі академиясын басқарған. Сондай-ақ, "Егемен Қазақстан" газетінің басқарма төрағасы, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары ретінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!