Тоқаев Путинмен кездесуі туралы: маңызды келіссөздерге қол қойылады
![Тоқаев Путинмен кездесуі туралы: маңызды келіссөздерге қол қойылады](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_333795/thumb_b/photo_94252.jpeg)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде өтетін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында маңызды келіссөздерге қол қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы кездесу барысында Владимир Путинмен арада екі елдің стратегиялық мүддесін қозғайтын бірқатар өзекті мәселеге қатысты сөз қозғалатынын айтты.
"Маңызды келіссөздерге қол қойылады. Стратегиялық өзара іс-қимыл одақтастық өзара қарым-қатынас бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізгіміз келеді. Менің ойымша, қажет нәтижелерге қол жеткіземіз", - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Құдай қосқан көршілер екенін, екі мемлекет арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара екенін айтты.
"Екі ел арасында достық пен ынтымақтастықтан басқа қарым-қатынас болуы мүмкін емес. Сондықтан әрі қарай жұмыс істейміз", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!