Токио Олимпиадасы: 26 шілдеде кімдер жарысқа шығады?
26 шілдеде Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында сегіз спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ертең жарыс жолына дзюдошы Жансай Смағұлов, боксшы Сәкен Бибосынов және ауыратлет Зүлфия Чиншанло шығады. Сонымен қатар, теннисші Елена Рыбакина екінші айналымдағы матчін өткізеді.
26 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Стенд ату. Скит. Әйелдер06:00. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко
Садақ ату. Ерлер. Командалық жарыс06:30. Қазақстан - Үндістан
Дзюдо. Ерлер, 73 келіге дейінгі салмақ08:00. Жансай Смағұлов - Фердинанд Карапетян (Армения)
Теннис. Әйелдер. Жекелей сын08:00. Елена Рыбакина - Ребекка Петерсон (Швеция)
Каноэ. Слаломды есу. Ерлер.11:00. Александр Куликов
Үстел теннисі. Ерлер11:30. Кирилл Герасименко - Тимо Болль (Германия)
Бокс. Ерлер, 52 келіге дейінгі салмақ15:03. Сәкен Бибосынов - Янкьель Ривера Фигероа (Пуэрто-Рико)
Ауыр атлетика. Әйелдер, 55 келіге дейінгі салмақ16:50. Зульфия Чиншанло.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Кеше дзюдошы Елдос Сметов, ал бүгін ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!