«Жасыл аймақ» экологиялық акциясына Қызылорданың жастары да белсенді атсалысты
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасып жатыр. Осыған орай, бүгін туған өлкесін түлетуге атсалысып жүрген аймақтың 100-ге жуық белсенді жасы қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын егіп, аталмыш акцияға қолдау білдірді.