25 мамырда Қазақстан кей жерлерінде жел күшейіп, жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жаууы ықтимал, тек республиканың батыс, солтүстік-батыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.