Қазақстандықтар ұшуға қойылған шектеуді әуежайда алып тастай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап азаматтар онлайн-режімде айыппұл төлеп, ұшуға қойылған шектеуді бірден алып тастай алады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.