Әрбір азаматтан ертерек тіркелуді сұраймыз - министр Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың ойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында жылдың басында болған қарбаластар қайталанбауы тиіс. Ол кезде мекенжай бойынша уақытша және тұрақты тіркеуге тұрмағаны үшін жауапкершілік күшейтілген болатын. Ал келесі жылдан бастап әрбір адам өзінің мәртебесін (жұмысы бар немесе жұмысы жоқ) анықтап, тағы бір рет тіркеуге тұруы тиіс. Соған қарай медициналық сақтандыру қорына тиісті жарналар төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.