Қазақстанда отандық электронды өнеркәсіп шығарушылардың тізімін жасау ұсынылып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Ұлттық ғарыш орталығында Мәжіліс парламенті депутаттарының, мемлекеттік мекемелер, «Атамекен» ҰҚП және басқа да кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.