Алматы облысындағы петроглиф жазулары зерттеуді қажет етеді - Дәуренбаев
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға қарасты Үйтас саяжайы маңындағы петроглиф жазулары ғылыми зерттеуді қажет етеді. Бұл пікірді Алматы облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Есет Дәуренбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.