АҚШ долларының бағасы 317,34 теңге болып бекіді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 21-23 наурыз - Қазақстанда мереке күні болғандықтан және демалыс күнін 18 наурыздан 20 наурызға, сенбіден дүйсенбіге ауыстыруға байланысты USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, USDKZT_0_002 және EURKZT_0_002 құралдарымен сауда-саттық өткізілген жоқ.