Шымкентте Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Қаладағы салтанат сарайында ұйымдастырылған шара 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен басталып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.