Астанада экологияға мониторинг жүргізудің кешенді жүйесі құрылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда экологиясына теріс антропогендік әсерді азайту мақсатында қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізудің кешенді жүйесі құрылуда, коммуналдық автокөлік құралдары газ-мотор отынына көшірілуде, деп мәлім етті қала әкімі Әсет Исекешев сәрсенбі күні елорданы орнықты дамыту бойынша кеңестің отырысында.